" Тармақталған алгоритмдер"
Авторы: Кадырова Светлана Сабитқызы
Мекен жайы: Жуалы ауданы, Жамбыл облысы, Б.Момышұлы ауылы.
№1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназиясы
Сабақтың тақырыбы: Тармақталған алгоритмдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тармақталу операторлық командаларын бағдарламада дұрыс қолданылуын үйрету.
Дамыту: Оқушылардың логикалық ой-өрісін дамыту, компьютерлік сауаттылығын, сабаққа қызығушылығын, тапқырлығын, біліктілігін арттыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жылдамдылыққа, шыдамдылыққа, компьютерді өз мақсатында дұрыс қолдану мәдениетіне тәрбиелеу.
Болжамдап отырған нәтиже: Лекцияда өтілген тақырыптарды толық меңгеріп, оларды есепте дұрыс қолдана білуі керек.
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Компьютермен жұмыс, тест, сұрақ-жауап, ойын, деңгейлік тапсырмалар.
Көрнекі құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, бағалау кестесі.
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру. (2 мин)
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру. (6 мин)
Мүсін атты ойын жарысы.
Қорытындылау.
III. Есептер шығару. (12 мин)
1. Компьютермен, тақтамен және дәптермен жұмыс (есептер шығару).
Қорытындылау.
Ойын Көл .
ІV. Деңгейлік тапсырмалар. (20 мин)
1 деңгей. Есепті Паскаль тіліне аудару.
2 деңгей. 1-деңгейде берілген есептің бағдарламасын құрып, нәтижесін компьютерде көрсету.
V. Көзге жаттығу жасау. (2 мин)
3 деңгей. Электрондық оқулықтағы тест жұмысы.
Шығармашылық деңгей. Электрондық оқулықтағы тапсырманы орындау.
Қорытындылау.
VI. Қорытындылау, бағалау. (2 мин)
VII. Үйге тапсырма. (1 мин)
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Сәлемдесу.Түгелдеу.
1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабақтың тақырыбын айту.
2. Сабақтың барысымен таныстыру.
II. Үйге берілген тапсырманы тексеру:
Мүсін атты ойын жарысы. Тақтада сызылған блок-схема бөліктерге бөлінеді. Әр бөлікке сұрақ жазылады. Сұрақтарға дұрыс жауап берілсе, тиісті орынға қойылады. Әр оқушы бір-бір сұраққа жауап береді. Жауап 2 ұпаймен бағаланады.
Есеп. Төмендегі берілген есептің блок-схемасын құрастыру керек.
х + 2, x