Қысқа мерзімді жоспар
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин Қыпшақ Сейтқұл әңгімесі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс - әрекеті арқылы образын ашу;
Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар әңгіме желісі бойынша кейіпкерлер портретін жасай алады, олардың іс - әрекеті арқылы образдарын аша біледі; Жаман іс пен жақсы іс жасаудың ара жігін ажырата алады;
Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды;
Сабақтың басы
Мұғалім ыдыста тұрған өшіргіш түстеріне байланысты оқушыларды 6 топқа бөліп, Ақылдың 6 қалпағы әдісін пайдаланады.
Мұғалім сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға сабақ презентациясында берілген бейнежазба көрсетеді. Оқушылар бейнежазба арқылы сабақ тақырыбына болжам жасайды.
- бейнежазбадан не байқадыңдар?
- қандай көріністер естеріңізде қалды?
Мұғалім сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.
Мұғалім аудиожазба арқылы Қыпшақ Сейтқұл әңгімесін оқушыларға тыңдатады
Сабақтың ортасы
Ақылдың 6 қалпағы әдісі
- Әңгімені оқу, түсіну, мазмұндау, сұрақтарға жауап беру;
- болжау; Қыпшақ Сейтқұл әңгімесінің идеясына болжам жасайды;
- шығармадағы жағымды кейіпкердің образын жасау;
- шығармадағы жағымсыз әрекетті анықтау;
- шығармашылық жұмыс орындау;
- саралау; әр топтың берген жауабымен шығарманы қорыту;
Дескриптор:
- Шығарманы түсінеді, мазмұндайды;
- Әңгіменің идеясын анықтай алады;
- Кейіпкерлер образын жасай алады;
- Тақырыпты түсінеді;
- Шығарма жұмыстарын жүргізе алады
- Шығарманы қорыта отырып, топ жауаптарымен өз үлгілерін саллыстырады;
Тапсырма 1
Шығармадағы көп қайталана бермейтін сөздердің мағынасын анықтап, синонимдік қатар түзу;
Жәрмеңке -
Қарауыл -
Данышпан -
Барымта -
Дереу -
Бақташы -
Қолға түсу -
Халық -
Бейнет -
Айырбас -
Тапсырма 2
Шығарма жоспарын құрылымы бойынша дұрыс орналастыр
- Сейітқұл қолына кетпен алып, отыз үйлі кедейіне де кетпен беріп, жер тегістеп, егін егуге кірісті-2
- Сейітқұл әуелі мекен еткендей бір орын іздеді - 1
- Манағы Сейітқұлдың ағасы аттаныс - түсіспен жұрттың малын ұрлап бай боламын деп жүргенде, Қонырат жағында қолға түсіп, кім екені де белгісіз, біреу өлтіріп кетіпті; қалған мал - жанын ұрының малы деп Түркістан әкімдері талап алып, жамағаттарын Сейтқұл көп жылдар іздетіп, таптырып, қасына алыпты - мыс - 4
- Бұлардың былайша бір ауызға қарап бекінген халық екенін байқаған соң, малға қызыққан сырттағы көшпелі халықтар батып келе алмады - 3
Оқушылар жұптасып диалог құрады
Мұғалімнің аты - жөні: Жұбаева Қ. Е.
Ы. Алтынсарин Қыпшақ Сейтқұл әңгімесі жүктеу
Ы. Алтынсарин Қыпшақ Сейтқұл әңгімесі слайд жүктеу