Еңкіш дене

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақтабандылық қалыптасудың алдын алу (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Сымбаттың бұзылуы, омыртқа жотасының қисаюы, жалпақтабандылық туралы түсінік беру
дамытушылық: Сымбаттың бұзылуы, жалпақтабандылықтың себебін анықтау. Өз ойларын жеткізе білу, сөйлеу, ойлау қабілеттерін шыңдау
тәрбиелік: Салауатты өмір сүруге, денсаулықтарын күтуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, ақпараттық
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, ақпарат беру, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, дайын слайдтар.
Сабақтың барысы:
1. Сабақты ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып дайындығын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Бұлшық ет деген не?
2. Бұлшық еттердің маңызы қандай?
3. Бұлшық ет құрамына қарай
• көлденең жолақты(қаңқада )
• бірыңғай салалы (ішкі мүшелерде)
• жүрек бұлшық еті (жүректе)
4. Бұлшық ет сыртқы пішініне қарай
• қысқа және жуан (омыртқа жотасы)
• ұзын және жіңішке (аяқ - қол)
• жалпақ (тұлға)
5. Бұлшық еттің негізгі топтары (мойын, бас, тұлға, аяқ - қол)
6. Бұлшық еттің дамуына жаттығулар қалай әсер етеді?

3. Жаңа сабақты түсіндіру
Жоспары:
1. Анықтау (сымбат, жалпақтабандылық)
2. Бұзылу сатысы (сымбат, жалпақтабандылық)
3. Пайда болу себептері (сымбат, жалпақтабандылық)
4. Алдын алу (сымбат, жалпақтабандылық)

Сымбат – қалыпты жағдайда және жұмыс кезінде адамның күнделікті әдетпен өз денесін ұстай білуі
Бұзылу сатысы
Күжірейген арқа. Омыртқаның кеуде жағындағы жоғарғы бөлігі көбірек қисайып кетеді. Иықтары қусырылып, арқасы күжірейіп, қарны шартиып салбырап тұрады.
Еңкіш дене. Адамның бойында өте жиі кездесетін мін. Мұндай жағдайда жалпы кеуде сүйегінің қисайып кеткендігі байқалады. Әдетте, еңкіш адамның жауырыны томпайып, төсі ішке қабысып, иық пен бас алға еңкейеді, қарны қампиып тұрады. Еңкіш адам бойын тік ұстап көп жүре алмайды, себебі бұлай жүргенде тез шаршап қалады.
Қайқы бел. Дене құрылысының бұзылуы. Дененің мұндай кемістігінде мойын, кеуде, бел омыртқалардың анатомиялық қисықтығы айқын болып тұрады. Дененің бұл кемістігінің себептері, біріншіден — омыртқаның бүгіліп - жазылып тұратын бұлшық еттерінің дұрыс жетілмеуі және мешел ауруының белгісі. Екіншіден, адамның жамбасы сыртқа шығып тұрады.
Сколиоз - омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы (туа және жүре пайда болады)
Лордоз - омыртқа бағанасының алға қарай майысып, қисаюымен сипатталады
Бүкірлік, кифоз — омыртқа бағанасының (әдетте кеуде бөлімінің) дөңестеніп қисаюы
Пайда болу себебі
Дұрыс отырмаудан, жүруден
Ішкі мүшелердің ауруынан
Салмақты бір жаққа түсіруден
Үнемі жұмақ төсекке жатудан
Қозғалыстың аз болуына
Алдын алу
o Дұрыс бірқалыпты отыруға дағдылану
o Емдік массаждар қабылдау
o Салмақты омыртқа жотасына бірдей түсіру
o Ауыр жүкті бір қолмен көтермеу
o Түзу жүру
o Иықтың бір деңгейде болуы
o Тазалықты сақтау
o Дұрыс тамақтану
o Шынығу
o Көңілді жүру
o Сәнді киіну
Жалпақтабандылық- адам табанындағы ойыстың түгелдей немесе жартылай тегістеліп, жалпайып кетуі.
Бұзылу сатысы
1, 2, 3 дәрежелі жалпақтабандылық
Пайда болу себебі
o Үнемі биік өкшелі аяқ - киім кию
o Тар аяқ - киім кию
o Аз қозғалыс
o Артық салмақ
Алдын алу
Аяқ - киімді таңдап кию
Жалаң аяқ жүру
Арнайы массаждар қабылдау
Шынығу
Гиподинамия - аз қозғалу, жеткiлiксiз қимыл белсендiлiгi.

Түсініп, есте сақта!
сымбат
жалпақтабандылық
сколиоз
лордоз
кифоз
гиподинамия
Қозғалыс, ол - өмір! (жаттығу жасау)

4. Бекіту
Сұрақ бізден, жауап сізден
1. Омыртқа жотасы неге қисаяды?
2. Омыртқа жотасының қисаюынан қандай аурулар туындайды?
3. Жалпақтабандылық неден пайда болады?
4. Сымбатты болу үшін не істейміз?
5. Сымбаттың бұзылуына тағы қандай жағдайлар әсер етеді?
Ойланып, жауап бер
1. Ардақ үнемі шелекті оң жағымен көтеріп су тасиды. Ол қандай аурумен ауыруы мүмкін? Ойыңды дәлелде.
2. Алыстан көзі көрмеушілікпен ауыратын және көзілдірік кимейтін адам, қандай аурумен ауыруы мүмкін? Ойыңды дәлелде.
3. Адамның жүрісі дене сымбатымен де байланысты деген дұрыс па? Ойыңды дәлелде.
4. Жанар сабаққа анасының биік өкшелі аяқ киімін киіп келді. Біраз уақыттан кейін аяғы ауырып, жүруден қалды. Неге деп ойлайсың?
5. Қорытындылау
6. Бағалау
7. Үйге тапсырма беру: Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақтабандылық қалыптасудың алдын алу туралы реферат жазу


Скачать


zharar.kz