Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеріп, назарларын сабаққа аудару

Скачать

Ақмола облысы, Жарқайың ауданы,
Далабай ауылы, Өмірлік орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Мықтыбекова Зинат Қайыржанқызы

Сабақтың тақырыбы: П дыбысы мен әріпі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Пп дыбысы мен әрпін таныстыру, жазылуын үйрету, тіл ұстарта отырып буын, сөз құрай білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Пп әрпі мен дыбысы туралы түсінік беру, сөз ішінен П әрпін табу, тілдік құбылыстарды талдап, олардың мәнін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Баланың тілін бейнелі сөзбен байыту. Сөйлеу мәдениетін дамыту, сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды зеректікке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, өз бетімен жұмыс жасай білуге баулу.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, үлестірмелі парақшалар, әріптің жазба түрі, суреттер.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Әдіс - тәсілдер: СТО технологиясы 6ойынша, топтастыру, ой шақыру стратегиясы

Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеріп, назарларын сабаққа аудару.

ІІ Психологиялық дайындық.
Қане, қатар, қатар түзеліп,
Оқушыға лайық
Қолымызды жіберіп,
Түп - түзу боп тұрайық.
1 - ші бала жай отыр,
2 - ші бала сен де отыр,
3 - ші бала тез отыр.
Бүгінгі сабаққа қонақтардың келгенін, сабақтың ерекше өтетіндігін айтып кету .

ІІІ Өткен сабақты қайталау
Жұмбақ шешу.
Күнде бар, құнда жоқ.
Күз де бар, тұз да жоқ.
- Ү дыбысы қандай дыбыс?
- Жуан ба? Жіңішке ме?
- Ү дыбысы мен әріпіне байланысты сөз ойлап, буынға бөліңдер.
І. Қызығушылықты ояту.
- Балалар, біздің Елордамыз қай қала? Сендер ол қаланы көрдіңдер ме? Жауаптары тыңдалады. Олай болса біз бүгінгі сабағымызда Астана қаласына саяхат жасап, ондағы әсем ғимараттарды аралайық. Келісесіңдер ме?
- Онда бірінші пойызға отырып, Астана қаласына жол тартайық. Жол жүре отырып, сабағымызда жаңа әріппен танысамыз.

ІІ Мағынаны тану
Сөздің сыры - көп жұмбақ,
Шешуін кім табады
Кімдер шешсе тез ойлап,
Сол жеңімпаз болады, - деп мына жұмбақтың шешуін табайық.
Партада бар, Картада жоқ,
Парақта бар, Қалақта жоқ.
Пп дыбысы мен әрпі
- Иә, оқушылар бұл Пп дыбысы мен әрпі. Пп дыбысы дауыссыз дыбыс. Енді оқушылар парта сөзін талдайық.
- Сөйтіп біз Астана вокзалына келіп пойыздан түстік. Енді әсем ғимараттарды аралайық.
1. Ақ Орда мәтінмен жұмыс
2. Келесі ғимаратқа кіру үшін әліппе - дәптерімен жұмыс жасаймыз.
Сергіту сәті.
Көжегім тұршы, Бетіңді жушы.
Айнаға қарашы, шашыңды тарашы.
Киімің дікиші, Мектепке қарай жүрші.
Орныңа отыршы, сабағыңды оқышы.
3. Бұл ғимаратты аралау үшін, біз мынандай ойын ойнаймыз.
Ойынның шарты: Мынау кестеде берілген әріптерден сөз құрайсыңдар Қай әріптерден құрадыңдар, астындағы сандарды жазасыңдар.


Скачать


zharar.kz