Әже қабірі басында

Скачать

[right]Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы,
№24 мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Мамбетжанова Бақыткүл Алдоңғарқызы

Мақсаты: Оқушыларды ақын өмірімен, оның өмір жолдары, қайтпас қайсарлығы және өлеңдерімен таныстыру.
Көрнекілігі: өлеңдері мен өмір жолдарынан презентация жасап көрсету.
Өтетін орны: мультимедия кабинеті.
Сабақ барысы: оқушыларды түгелдеп, сынып тазалығын қарау және назарларын сабаққа аудару. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын айтқызу.
- келген қонақтармен таныстыру.
- Теңіз толқыны. Бөгеннен ұшқан бұлбұл
1 сұрақ: – неге тақырып бұлай аталған?
- себебі, Зейнолла Арал ауданы Бөген елді мекенінде туған.
- Зейнолланың үлкен әкесінде бала болмаған, атасы мен әжесі бір перзентке зар болып жүрген кезінде, түсіне ақ сақалды қария еніп аян береді.
- Қолыңды жай балам, ер балалы боласың, атын Шүкірмағанбет қой.
- Міне осы Шүкірден Зейнолла 1927 жылы өмірге келеді. Анасы Зейнолланы туғанда оның кіндігі тіспен кесілген екен.
- Тіспен кесілген кіндік туралы Кесілген кезде кіндігім анамның кеттім ажырап деген ән жолдары еске түседі.
2 сұрақ: - неге тіспен кесілді деп ойлайсыңдар?
Екі жағындағы құдайы көршілері, бірі - қайшы, екіншісі - пышақ іздеп жүргенде, ортада бір кейуана (ана) кіндікті тіспен қиып жібереді.
- Міне, Зейнолла әлдиді естіп, бесікте шалқып өседі. Зейнолла ер жетіп алғаш мектеп табалдырығын аттайды. Өз замандастарымен бірге 4 сыныпқа дейін оқиды. Ол сабақта алғыр, зерек, зейінді, өз қатарының алды болады.
Баяу мұңды әуен ойналады.
Сол күні күн күркіреп, ауа райы күрт бұзылды. Анасы мазасыздана берді. 9 жасар Зейнолла өрістен қайтқан асау тайлақтан құлап, өмірлік мүгедек болып қалады. Бел омыртқасы зақымданып, сал ауруына ұшырайды. Бұл жағдай әжесіне қатты батады.
ән. Ана туралы ой.
Көркемсөз оқу Сабыржан: Әже қабірі басында.

5 - 6 сыныпты немере ағалары, бауырлары мектепке арқалап әкеліп оқытады. Зейнолла тағдырдың салған ауыртпалығына мойымай, қайсарлықпен қарсы тұрады. Төсек үстінде жатқан қаламына қол созады.
3 - сұрақ: - неге ақын қаламына қол созды?
- Себебі, өмірлік нәрін де дәмін де нанын да сол қаламнан тапты.
- Ақынның өлеңдері теңіз, отан, сағыныш, табиғат туралы.
- Ең алғаш жыр жинағы 1946 жылы Сағыныш деген атпен жарық көрді.
Қазір бір топ оқушылар ақын өлеңдерінен үзінді оқиды.
1. Ғабит Ақерке – Жаралы солдат монологы
2. Қуанышбай Қымбат – Арал теңізі
3. Нағымаш Гүлнафис – Абайға арнау

Енді бірде ақынға композитор Шәмші Қалдаяқовтан хат келеді. Хаттың мазмұны:
- Уа, Заке! Сау саламат бармысыз?
- Сізге мынадай сұрағым бар.
- Сыр елінің асылы не?
Не деп ойлайсыңдар балалар?
- күріш
- Дұрыс айтасыңдар, асылы күріш екен.
- Зейнолла Сыр сұлуы деген әнді жазып, Шәмші ағамызға хат арқылы жібереді. Арада бірнеше ай өткен соң сөзі: З. Шүкіровтікі, әні: Ш. Қалдаяқовтікі деп Сыр сұлуы деген ән дүниеге келеді.
Би: Сыр сұлуы бір топ қыздар
Ақын туралы қазақ халқының ақын - жазушылары былай дейді. Зейнолла біртуар талант , Ол жұлдыз болып жанды да, жұлдыз болып қалды да Зейнолла жайлы ақындардың пікірімен таныстырамын.
Бір топ оқушылар ақын туралы айтылған өлеңдерден үзінді оқиды.
Сабақты бекіту:
Зейнолла Шүкіровтың және ұшқан құстың суреті, Бөген елді мекеніндегі мектеп. 2007 жылы 80 жасқа толды. Арал қаласында ақындар айтысы өтті. Онда Шынберген Сүлейменов бас жүлдені жеңіп алып, автокөлік мінді.
Ш. Сүлейменов:
Жырыңды естіп, жалын боп басталатын,
Жанарыңнан ажал да жасқанатын.
Кейінгі ұрпақ біліңдер дәл осындай,
Аралда өткен Зейнолладай асқар - ақын.

Кептелмеген ажалдың алқымы мәңгі,
Өзіңсіз өмір - өзен олқы мына.
Жырларың қалды мәңгі дауыл болып,
Дем берген Аралыңның толқынына.

Әр жолы, асқар шыңға атылып тым,
Жатыр жырың, мен өмір отын ұқтым.
Мәңгі өлмейді, асқар - ақын, алып тұлға,
Бейнесі Зейнолла ақын Шүкіровтың


Скачать


zharar.kz