Сабақтың тақырыбы: Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері, теңсіздіктері
Сабақтың міндеттері:
Білімділік - формулаларға сүйеніп нақты шешім қабылдай алу,
- өз бетінше мақсат қою және мақсатқа жету жолдарында қажетті ақпараттарды пайдалана білу;
- шешімді табу, талдау, таңдау жасау, түрлендіру, сақтау, тарату үшін ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану;
- логикалық есептерді шешу (талдау, саралау, түсіну, құрылымын ұғыну, мәліметтерді жүйелеу)
Тәрбиелік
- Оқушыларды шапшаң ойлауға, өздігінен талпынып жауапкершілікті сезінетін өнегелі тұлғаны тәрбиелеу.
Дамытушылық
- Оқушылардың іскерлігін, ойлау қабілетін, ізденімпаздық дағдысын қалыптастыра отырып дамыту
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Оқытудың технологиясы: КОТ элементтері, ДСОТ элементтері
Болжам етілетін нәтиже: Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері, теңсіздіктерінің қасиеттерін пайдаланып, есептер шығара алады
І. Оқу іс - әрекетін ұйымдастыру, мотивация
ІІ. Сабақтың тақырыбы
Мақсаттың қойылуы, өтілген тақырыптарға шолу жасау
А) Сәлемдесіп, аудиторияның тазалығына назар аудару, қауіпсіздік ережесіне сай сырт кейпі мен заттарының орнында болуын қадағалау
Б) Оқушыларды түгендеп, журналға белгі соғу
В) Кезекшінің жұмысын тексеру
Г) Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың барысымен, мақсат - міндеттерімен таныстыру
Д) өтілген тақырыптар бойынша 12 сұрақ қойылады
ІІІ. Білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға керекті білімдер
- Қажетті ақпараттар мен материалдарды игерту
- Оқушыдан кеткен қателікті анықтау және талдау
ІҮ. Алған білімді бекіту
- Тақырып бойынша оқулықтағы берілген есептер арқылы оқушылардың жаңа материалды игеру деңгейін анықтау
- әрбір оқушыға жеке – жеке деңгейлік тапсырмалар беріледі және ол тапсырманы орындауға оқытушы тарапынан нұсқау беріледі
Ү. Білімді бақылау, бағалау
Сабақта белсенділік танытып, оқулықтағы есептерді шығару барысында өз үлесін қосқан, деңгейлік тапсырманы өз деңгейіне қарай орындаған оқушыны бағалап, журналға баға қою.
Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу