Қызылорда қаласындағы
№112 орта мектебінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қосбармахова Руза Ақсырғақызы
Қазақ мақал - мәтелдерінің орыс және ағылшын тілдеріндегі баламалары
Мақалдар мен мәтелдер ауыз әдебиетінің ең байырғы, ең көне түрі. Мақал мен мәтелді, сара сөз бен нақылдарды халық ежелден жақсы көреді, сүттей ұйып, сүйсіне тыңдайды. Сөздің көркі - мақал, жүздің көркі - сақал деп қадірлейді. Мақал мен мәтелде халық жақсылық пен жамандықты, адамдық пен арамдықты, еңбекқорлық пен жалқаулықты, жомарттық пен сараңдықты, саналылық пен надандықты салыстыра сөз етеді. Мұнда айтылмайтын, сөз болмайтын өмір саласы жоқ. Ол - адам баласының қарым - қатынас, әдет - ғұрып, салт - сана, тәлім - тәрбие, бір сөзбен айтқанда, тұтас адамгершілік қағидаларының дастаны тәрізді. Оларды сусындап оқысаң, өмірде ұшырайтын оқиғалардың бәріне де лайықты жауап табасың. Көп тіл білсең - көкжиегің кеңейеді дегендей мақал - мәтелдердің басқа тілдердегі баламаларын біліп, орынды пайдалана білсең, нұр үстіне нұр. Сол себепті, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген қазақ мақал - мәтелдердің орыс және ағылшын тілдеріндегі баламаларын назарларыңызға ұсынып отырмын.
Қазақ мақал мәтелдері. Орыс тілінде. Ағылшын тілінде.
Ауру қалса да, әдет қалмайды. Привычка - вторая натура. Custom is a second nature
Батыр бір өледі, қорқақ мың өледі. Двум смертям не бывать, а одной не миновать. A man can die but once
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Без труда не выташишь и рыбки из пруда. A cat in gloves catches no mise
Өтірік өрге баспайды. Шило в мешке не утаишь. Murder will out.
Ұрлықшының арты қуыс. На воре шапка горит. If the cap fits, wear it.
Күшіңе сенбе, ісіңе сен. Нужны дела, а не слова. Deeds, not words.
Суға кеткен тал қармайды. Утопающий хватается за соломинку. A drowning man will catch a straw.
Толық нұсқасын жүктеу