Өрттен сақтану, өртті болдырмау жөнінде түсініктер беру

Скачать

Төтенше жағдайлар қызметі туралы не білесіз?

Мақсаты: Өрттен сақтану, өртті болдырмау жөнінде түсініктер беру.
Ойын арқылы өрттен сақтану туралы дағды қалыптастыру. Жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі:
Сыныпты топқа бөлу.
1 Өрт – тілсіз жау
2 От – досымыз
3 От – жауымыз
4 Су – тіршілік көзі.

Психологиялық ахуал:
- Армысыз, қайырлы күн!
- Армысыз, қайырымды Аспан ата!
- Армысыз, шұғылалы Алтын күн!
- Қуанайық, шаттанайық бәріміз!
- Күліп шықты күн бүгін!
- Бәріміз күндей жарқырайық!
- Бәріміз тату болайық!
- Бәріміз дос болайық!

Жұмбақ шешу
Желден желігеді,
Судан шегінеді.

Түймесін басқан,
Сәулесін шашқан.

Үйде тұр бір жұлдыз,
Ол барда түн – күндіз.

- Кішкентай ғана мүсәтір,
Ол мүсәтір жоқ болса
Елдің бәрін мүсәпір.

Өрт - тілсіз жау

Өрттің қай жерде және қашан шығуын болжау мүмкін емес. Ол кез келген уақытта қауіпсіздік және техникалық ережелерді сақтамаған кезде болып тұратын жайт. Оны болжау да, дәл айту да мүмкін емес.

Кім тапқыр?
- "От - дос, от - жау" дегенді қалай түсінесіңдер?
- Өрт сөндіру қызметін шақыру үшін неге 101 нөмірі таңдалынып алынған?
- Өрт сөндіру қызметін шақыру кезінде 101 - телефоны арқылы қандай ақпараттар беру қажет.

Өрт сөндірудің алғашқы құралдарына нелер жатады?
- Өрт болып жатқан үйдегі немесе пәтердегі терезені сындыруға бола ма?
- Егер үйде газ ашық қалып, үйге таралған жағдайда электр жарығын қосу керек пе?
Өрт сөндірушінің қызмет киімі қандай қызмет атқарады?
Төтенше жағдайлар қызметі туралы не білесіз? слайдты жүктеу


Скачать


zharar.kz