Тақырыбы: Ару қыздар байқауы
Мақсаты:
1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т. б. негізінде тәрбиелеу.
2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.
Байқаудың шарттары төмендегідей:
1. Мен қазақтың қызымын таныстыру
(қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады)
2. Қыз еркем – ісімен көркем
(Әр қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді)
3. Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді
(Қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу)
4. Өнер
(Ән айту, би билеу, күй тарту)
5. Сұлулық сыры
(Музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету)
6. Зерделінің ойы озық
(Лездік сұрақтарға жауап беру)
Құрметті аналар, ұстаз аналар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар! Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын! Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. Ару қыздар – 2017 байқауына қош келдіңіздер!.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Рұқсат болса бастайық!
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар ортаға шығады)
Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.
Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. – деп әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Жүргізуші:
Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.
Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.
Байқаудың І кезеңі Мен қазақтың қызымын .
Таныстыру бөлімі бойынша ару қыздарымыз өздерін осы сөзбен бастап, өлеңмен, әнмен таныстырады.
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз!
Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!
Таңғажайып әлемі - өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз!
Аруларымыз көрермендерді қолөнерлерімен таңғалдыруға асығады.
Байқаудың ІІ кезеңі Қыз еркем – ісімен көркем
Бұл кезеңде Әр ару қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді және қалай жасалғаны туралы әңгімелейді
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты – дегендей Байқаудың ІІІ кезеңі Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді деп аталады.
Бұл кезеңде қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу бойынша аруларымыз сынға түседі.
Ару қыздар байқауы жүктеу