Сервер бірінші бетіне жазылатын адрес

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Интернет. Бүкіләлемдік өрмекші. Сайттар (презентациясымен)
Мақсаты: Оқушыларға Интернет желілермен жұмыс жасау технологияларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде көмек көрсету және нақты жұмыс жасауды үйрету
А) Интернет желілердің құрылу және жұмыс істеу жолдары жөнінде оқушыларға мағлұмат беру
Ә) Ақпараттық - коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін үйрету арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру
Б) Интернет желілерін үйрету арқылы оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
Көрнекілік: компьютер, тесттер, тапсырмалар слайд арқылы көрсетіледі

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру
2. Жаңа білімді игеру §3. 1, 3. 2 оқып шығыңыз.
1. Интернет желісімен жұмыс істеу үшін не болу керек? ( Компьютер, модем, телефон)
2. Сервер бірінші бетіне жазылатын адрес. (URL адресі мыс htpp www. serwise. com tdb vtr. htm)
3. Интернетке кіретін әр компьютердің өз адресі. (IP адресі мысалы. 212. 192. 21. 1)
4. Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін беретін қызмет түрі. (WWW)
5. Гипермәтінді көру бағдарламасы (Браузер)
6. htpp www. serwise. com tdb vtr. htm адресіндегі Файлдың аты (vtr. htm )
7. Интернетте неше негізгі хаттама қолданылады?
8. Web беті – бұл (Қолданушының ақпараты сақталатын құжат).

Жаңа түсініктер мен іс — әрекеттер тәсілін қалыптастыру
Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Интернет — миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі. Интернет желісініндегі мәліметтерді миллиондаған мекемелер даярлайды. Әлемдік желідегі, ақпараттарды тез тауып алуда іздеу серверлерінің көмегі зор. Олар мыңдаған іріктелген құжаттардың, сайттардың адрестары сақталады. Көптеген іздеу серверлерінің ішінде кең тараған іздеу каталогтары (directories) мен машиналары (search) бар.


Скачать


zharar.kz