Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы
Толқын ауылы, Толқын орта мектебі КММ
8 - сынып оқушысы Бейсенбек Ғалия
Әрбір сөзі жас ұрпаққа тағылым,
Бойға жиған ақылы мен сабырын.
Өмір бойы шындық үшін күресіп,
Жалғандықтың жойып түскен тамырын.
Тұрса дағы мың құбылып бар маңы,
Әрқашанда алға бастап ар, заңы,
Біздер үшін рухы биік Бауыржан,
Туа біткен туралықтың тарланы.
Тайсалмастан кірдің талай ұрысқа,
Жау дегенде бұрылмадың бұрысқа.
Жалындаған ұшқыр мінез ойыңды,
Ұқсатамын жарқылдаған қылышқа.
Даналық пен даралықты тең көрдің,
Жасымадың Отан үшін от кештің.
Қаламың мен қаруыңды тең ұстап,
Жігерлендің, шегініп бір көрмедің.
Жүру үшін тура жолдан тайынбай,
Ар мен намыс бірге туған ұғымдай.
Қазақ үшін Момышұлы Бауыржан,
Батырлық пен батылдықтың туындай
Біздер үшін батыр баба,
Әрқашанда биіксің.
Ұрпағыңа үлгі болған,
Өшпес сенің игі ісің.
Сіздей батыр бабамыздың,
Жалғастырар ерлігін.
Біздер бармыз әлі талай,
Бағындырар биік шың.