Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Боран.
Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов туралы мағлұмат беріп, шығармаларымен таныстыру.
Білімділігі: Оқушыларға қыс мезгілі жайлы түсінік бере отырып, сабақтың тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізу, мазмұнын игеру, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіру, ой өрісін дамыту.
Тәрбиелігі: Табиғаттың әсемдігін бақылай білуге үйрету, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Көрнектілігі: М. Әуезов суреті, шығармалары, теледидар, үнтаспа, қыс бейнесін толық көрсететін ағаш, қар түрлері, суреттер. Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка, еңбекке баулу, бейнелеу өнері.
Әдіс - тәсілі: іздену, сұрақ жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру:
а) Оқушылармен амандасу.
ә) Оқушыларды түгендеу.
б) Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
- Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
Абай Құнанбаев атамыздың Қыс атты өлеңі
Қыс суретін салып келу тапсырылған. Оқушылардан өлеңді жатқа сұрап, салған суреттерін жариялауын тамашалау.


Скачать


zharar.kz