Ғажайып үштік кезеңі

Скачать

Тақырыбы: Информатика және біз
Мақсаты:
1. Информатика пәніне деген қызығушылықтарын, білімге деген құштарлықтарын арттыру;
2. Оқушыларды өз бетімен ізденуге, білімін шығармашылық тұрғыдан дамытуға, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету, сөз байлығын, ойлау қабілетін дамыту.
3. Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, жетістіктерге жетуіне тәрбиелеу.
Түрі: Танымдық ойын
Көрнекілігі: интерактивті тақта, тапсырма парақтары
Жүргізуші:
Ойын толқын жатқандай асып — тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Ойының құрылымы:
1. Танысу кезеңі
2. Қас – қағым сәт
3. Ғажайып үштік
4. Логика
5. Шебер қолдар ойыны
6. Кім білгір ойыны
7. Қызықты жұмбақтар
8. Мақал – мәтелдер жалғасын тап
9. Қорытынды
Жүргізуші:
Қайырлы кеш қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі Информатика және біз саяхаты атты кешімізге қош келдіңіздер. Кешіміз үш топ білімдерін көрсету арқылы өтеді.
Уа, жарандар, жарандар!
Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар
Ғылымдардың ғылымы
Информатика жайында
Ойынымызды бастаймыз
1 - оқушы
Информатика әлемі
Қызығы мол әдемі
Компьютердей құралды
Меңгердік біз енді
3 - оқушы
Бүгінде компьютер барлық жерде
Құрылысты, техникада, өндірісте
Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер
Жастар, зерделікпен меңгеріңдер

Әділқазылар алқасы:
_________________________________
_________________________________
_________________________________

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәдік шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, — дей келе, сайысқа қатысушы командалармен танысайық.
Қатысушылар:
9 сынып -
10 сынып -
11 сынып -
1. Танысу кезеңі
2. Қас - қағым сәт кезеңі. Барлық командаларға қойылатын информатика пәндері бойынша сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады
Информатика
1. Ақпаратты бейне бетке шығаруға арналған құрылғы – бұл … (монитор)
2. Бір килобайт … тең (1 024 байтқа)
3. Жадыны үнемдеу және қысылған мәліметтерді бір ғана мұрағаттық файлда орналастыру мақсатында бір немесе бірнеше файлды нығыздау – бүл (Мұрағаттау)
4. Word бағдарламасының құжатына дайын суреттер қандай әмірлер көмегімен кірістіріледі? (Кірістіру – Сурет – Файлдан – қажетті суретті екі рет шерту)
5. Excel - де формула қандай символдан басталады? ( =)
6. Тапсырмалар тақтасы дегеніміз не? (Бастау менюінен кейін орналасқан жолақ.)
7. ОЖ дегеніміз не және оның түрлері қандай?
(Адам мен компьютер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін жүйелік программа. ОЖ компьютер жұмысын басқарады. Ms Dos, Windows 95 98, Windows2000 XP, Windows NT, Windows UNIX)
8. Бас меню қалай ашылады және қандай командалардан тұрады?
(Бастау командасы арқылы және мынадай командалардан тұрады: Программалар, Құжаттар, Анықтама беру, Орындау, Компьютерді қайта жүктеу, Компьютерді өшіру.)
9. Архивтік программа дегеніміз не және оның түрлері қандай?
(Үлкен көлемді файлды немесе буманы қысу арқылы көлемін кішірейту. Win RAR, Win ZIP, ARL, PKZIP, PKUN ZIP)
10. Windows терезелерінің түрлері қандай?
(Сұхбат терезе, Анықтама терезе, Ескерту терезесі, Бума терезесі, Құжат терезе, Сілтеуіш терезе)
3. Ғажайып үштік кезеңі.
Бұл кезеңде әр команда ұяшықтарды таңдап сұрақтарына жауап береді. Балл ұяшық санымен бағаланады.


Скачать


zharar.kz