Ғарышқа ұшу

Скачать

Ана тілі. 1 сынып
С тақырыбы: Ғарышқа ұшу. 203 - 204 жаттығу
С мақсаты:
а) білімділік: Мәтін мазмұнын ұғындыру. Өз сөзімен әңгімелеп айтып беруге үйрету, сұрақтарға жауап бере білуге дағдыландыру.
ә) дамытушылық: Дұрыс оқу дағдыларын, сөздік қорын молайту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
б) тарбиелік: Білімге шақыру. Адамгершілікке, саналылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
С типі: Саяхат сабақ.
С әдісі: Сұрақ - жауап, ассоц., венн диаг., топ. б.
С көрн: Ғарыш әлемінің суреті, Ғарыш кемесі , Ұшатын тарелка , Сиқырлы кілем , суреттері, табиғат құбылыстарының суреттері, видиокассета.
С барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.

II. Ғарышқа саяхат.
1. Оқушыларды 3 топқа бөлу
- Балалар, бүгінгі сабағымыз саяхат сабағы деп аталады. Бүгін ғарышқа саяхатқа шығамыз. Шыққыларың келе ме?
- Ал, балалар онда ғарыш деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?
- Енді балалар, сендерді ғарыш кемесіне отырғызайын.
1 - топ Ғарыш кемесіне
2 - топ Сиқырлы кілемге
3 - топ Ұшатын тарелкаға отырады.
- Ал, балалар, ғарышқа аттанайық.
Сонау ең биікте қып - қызыл жұлдыз тұр. Ең бірінші жеткен топ соны алады.
- Балалар, аспан бұлттана бастады. Бұлт патшасы мына тапсырмаларды орындасаңдар жолдарыңды ашамын дейді.

I. Үй тапсырмасы. Геолог өлеңін мәнерлеп оқып беру.
II. – Алдымыздан қатты жел тұра бастады. Жел патшасы мына тапсырмаларды орындасаңдар жолдарыңды ашамын дейді.
Өткен сабақты еске түсіру.
1 - топқа: Жігітке жетпіс өнер де аз деген мақалда заттың санын білдіретін сөзді табу және ережені айту.
2 - топқа: Менің қызыл көйлегім бар. Заттың сынын білдіретін сөздерді табу, ережесін айту.
3 - топқа: Ержан тақтайды кесті. Заттың сынын білдіретін сөзді табу, ережесін айту.
Слайд арқылы осы ережелерді көрсету.

III. – Балалар, енді жаңбыр патшасы да өз тапсырмасын орындамаса, жолды ашпайтынын айтады.
Жаңа сабақ. Ғарышқа ұшу 203 - 204 жаттығу.
1. Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
2. Мазмұндауы.
3. Оқушылардың оқуы.
4. Сұрақ - жауап:
1 - топқа: Адамдар қайда ұшуды армандайды?
2 - топқа: Тұңғыш рет ғарышқа кім және қашан ұшты?
3 - топқа: Қазақтан ғарышқа кім ұшты?
1. Кім маған осы мәтіннің мазмұнын айтып береді?

IV. Бейнеүзік (видеокассета) көрсету.

2. - Ю. Гагарин мен Т. Әубәкіров туралы не білдіңдер?
Венн диаграммасына салу.
Екеуі де ғарышкер
Ю. Гагарин - 1961ж 12 сәуір тұң. ғар. орыс
Т. Әубәкіров - 1992 ж. 2 қазан қаз. тұң. ғарышкер
V. Сергіту кезеңі:
Қарлығашқа ұқсайық,
Кәне қанат жаяйық.
Қалығаш боп ұшайық,
Ұшып - ұшып алайық.

VI. Балалар, енді қар жауа бастады. Қар патшасы 203 - жаттығуды орындаңдар дейді.
203 - жаттығу. Өлеңді оқып шығып, көшіріп жазыңдар.

Байқоңыр.
Ғарышкерлер мекені -
Қазақ жері Байқоңыр.
Қай соған жетеді,
Ғажап жерім Байқоңыр!

VII. С қорытындылау.
1. – Балалар, енді бұршақ жауа бастады. Бұршақ патшасы Мен болашақ ғарышкермін деген тақырыпта әңгіме құрастырыңдар дейді.
2. Жұлдыз жеңімпаз топқа тапсырылады.
3. Балаларды бағалау.
4. Үйге: 1. Ғарышқа ұшу мәт. оқу. мазм.


Скачать


zharar.kz