Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза Әлі Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру өлеңі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қазақ әдебиетінің XX ғасыр басындағы алыптарының бірі – Қ. Мырза Әлінің өмірімен және шығармашылығымен таныстыру, ақын туралы оқушы білімдерін толықтыру.
Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру өлеңінің мазмұнын, идеясы мен тақырыбын ашу, ерекшеліктеріне тоқталу.
Дамытушылық: мәнерлеп оқу, тапсырмалар, оқыта үйрету ойындары арқылы оқушылар дүниетанамын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: қазақ әдебиетіне, ақын шығармашылығына деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін оқушылар бойына сіңіруге ықпал ету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ – жауап, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, тірек сызбалар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Сабақтың мақсат – міндеттерімен таныстыру.
III. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Айбатты Алатау, қасиетті Атамекен, нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра , нағыз қазақ, міне, ос деп танып қой деп ұлтын Абайша сүйген, ұлты үшін Абайша күйген қазақ поэзиясының парасатты ақындарының бірі де бірегейі, дүниеге ұлтымыздың рухын көтеретін туындылар әкелген сергек те сезімтал ақын туралы сөз қозғамақпыз.
IV. Оқулықпен жұмыс:
Қадыр Мырза Әлі туралы берілген мәтінді оқу.
Тірек сызбамен жұмыс.
Теориялық материалды тірек сызба арқылы түсіндіріледі:
Қадыр Мырза Әлі Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру өлеңі. жүктеу