Әліппе хан

Скачать

Ақ жол ашқан Әліппе!

Мақсаты:
Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау, ата - анаға өнерлерін көрсету.
Оқушылардың эстетикалық талғамын ұластыра түсу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Ертеңгіліктің өтілу барысы:

Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар!
Бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстар ұрпағымызды хан баласындай нық, бидің баласындай тік сөйлейтіндей етіп тәрбиелеу – бүгінгі біздің ұстаздардың, ата - аналардың міндеті. Соның бір көрінісі бүгінгі Қош бол, құтты Әліппем! ертеңгілігін көріп тамашалағалы отырсыздар!
Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы - Әліппе. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Әліппе 42 әріпті танытып, оқуға жазуға үйретіп сауаттылықтарын арттырады. Сондай жағдайға жеткізген Әліппемен қоштасқалы отыр.
Бала деген шіркін - ай балдай екен,
Тәттілігі жая мен жалдай екен.
Арып - ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен,
- деп Кенен атамыз айтқандай, кішкене бүлдіршіндердің бал тіліне кезек берейік.

Ерте, ерте, ертеде Прииртышский орта мектеп шаһарында Әліппе хан билік жасапты. Ханның 40 уәзірі және екі күтушісі болыпты. Әліппе хан сондай қатал болған екен. Ол уәзірлеріне ел аралатып білімсіз балаларды жинатып, жазалап сауаттандырады екен. Әліппе хан елін жинап тақтан кететінін жарияламақшы.
Гульжан: Уа, халайық, келіңіздер көріңіздер, Әліппе хан тақтан кеткелі жатыр.

Жамиля: Уа, жараңдар, жараңдар! Әліппе хан орнына өз ұлын сайламақшы. 40 уәзірі мен 2 күтушісінің, ханды шығарып салу салтанатының куәсі болыңыздар!

Әліппе хан: Уәзірлерім, сендер неге тұрсыңдар! Ел ішін аралап келіңдер! Мына мен таққа ұлымды отырғызар кезде, елде сауатсыз балалар болмауы керек.

Нұрай: Әміріңізге құлдық хан ием! Біз ел ішін түгел араладық. Сіздің қатал мінезіңіз бен бұйрығыңыздың арқасында елде сауатсыз бала жоқ. Барлығы білімді, сауатты, өнерлі екен.

Әліппе хан: (көңілденіп). Тамаша, тамаша. Мен осыншама уақыт неге көңілсіз болдым? Неге қатал болдым? Барлық балалардың сауаты ашылғанша мен де уайымдап, көңілсіз жүрдім. Бүгін менің де, мына дүйім жұрттың да көңілін көтеріңдер.
Менің жарлығымды орындаңдар!

Айсара: Хан жарлығына құлақ салыңдар. Дәл бүгін хан ием мен дүйім жұрттың көңілін көтеріп өнер, білім көрсетейік. Олай болса бүлдіршіндердің өнері мен біліміне кезек берейік.

Нұрәлі
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар!
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!

Айзере
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар!
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.


Скачать


zharar.kz