Қатпарлы самсаның рецепті
Қамырына
Ұн – 500 гр
Су – 150 - 200 гр
Тұз – 1 шай қасық
Қамырға жағу үшін сары май - 200 гр
Жұмыртқа (бетіне жағу үшін) – 1 бас
Қамыр ішіне салуға:
Тартылған ет немесе майда туралған сиыр еті – 400 грамм
Құйрық май – 100 - 150 грамм
Пияз – 400 грамм
Қара бұрыш – қалауыңызша
Тұз – қалауыңызша
▪ Етті, құйрық майды майдалап төртбұрышты етіп турап, тұз қара бұрыш қосып араластырады.
Ескерту: Қамыр дайын болғаннан соң фаршты дайындаған дұрыс, әйтпесе пияздың сөлі шығып кетеді.
▪ Ұнды електен өткізіп, тұзды су дайындап алып жұмсақтау қамыр илеу қажет (қамыр орташа болуы керек, жұмсақ та емес, қатты да емес).
▪ Қамырды жақсылап илеп болған соң, 20 минутқа демалдырып қойыңыз.
▪ Содан соң қамырды жұқалап жайыңыз.
▪ Жайған қамырдың ішіне майды ерітіп жағыңыз.
▪ Май жағылған қамырды шетінен бастап ораңыз.
▪ Майы қатқанша 5 - 7 минутқа тоңазытқышқа салыңыз. Содан соң өзіңізге керекті өлшемде бірнеше бөліктерге бөліңіз.
▪Дайын бөліктерді бір - бірлеп ұнсыз жайып, ішіне фаршын салып қалауыңызша түйесіз. Негізінен самсаны көбіне үшбұрышты етіп түйеді.
▪ Түйіп болған соң, қамырдың бетіне жұмыртқа сарысын жағыңыз, 180 - 200 градус қызып тұрған пеште 25 минуттай пісіріңіз, қып - қызыл болып пісуі керек.
Дайындаған: Асыл
Суретімен қарау