Сынып: 4
Тақырыбы: Сын есімді пысықтау
Мақсаты:
1. Сын есім жайлы білімдерін кеңейту, пысықтау
2. Оқушылардың өз бетімен ойлануға, ізденуге, шығармашылық қабілетін дамытуға бағыт - бағдар беру.
3. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап,
Көрнекіліктері: презентация, таратпа материалдар, қима қағаздар
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
• Амандасу
Психологиялық дайындық
- Балалар, бүгін ерекше сабақ. Олай дейтініміз бүгін ерекше күн. Барлығымыз бір - бірімізге мейірімді жүректі бір - бірімізге ұсынамыз. Әр бала қасындағы көршісіне оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтып жүрекшені ұсынады. Мысалы, Сен мейірімдісің!; Сен кішіпейілсің!; Сен әдемісің!; Сен қайырымдысың!; Сен ізеттісің!
- Сабақтың мақсаты сын есім жайлы білімдерін кеңейту, пысықтау.
II. Өткенді қайталау
- Алдарында жатқан тест жұмысы алдыңғы тақырыптарды пысықтап өтейік
Тест
1. Етістік сөзді тап.
а) секірді ә) бұтақтар с) сексен екі
2. Табыс септіктің сұрақтарын көрсет.
А) Кімде? Неде? ә) Кімді? Нені? с) Кімнің? Ненің?
3. Дара етістікті тап.
у) ағып жатыр р) бара бер т) ағады
4. Күрделі етістік қайсы?
у) отырды т) бақылап тұр р) ұшыпты
5. Негізгі етістік қайсы?
ы) шегеле і) жаз м) тазала
6. Болымды етістікті тап.
л) бар м) барма н) айтпа
7. Жіктелген зат есімді тап.
ы) Ұсталар. і) ұстамын. м) Оқыдым..
8. Әжесі сөзі тәуелдеулі зат есімнің нешінші жағы.
А) I жақ. к) III жақ. қ) Сыпайы түрі.
- енді қарайықшы қандай сөз шықты
1 2 3 4 5 6 7 8
с ә т т і л і к
- ендеше бүгінгі сабағымызда сендерге сәттілік тілеймін!
Кубизм стратегиясы
- Сын есім ережесін айт
- Сын есімнің түрлері (ережесі)
- Қайырым, парасат, инабат сөздерінен сын есім жаса
- Тастай, үлгілі, өнерлі сөз құрамына талда
- Сын есім қатысатындай мақал – мәтел айту
Жатқа жазу
190 - бет, 51 - жаттығу. Мақал - мәтелдерді нұсқа бойынша жаттайсыңдар
- 1 - мақал қандай мағына береді?
- Адамның қандай қасиеттері туралы айтылған?
- Ұрпақ тағдыры - ұлт тағдыры, ұлттың болашағы – оның білімді, талантты, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында. ол сендердің қолдарыңда.
- Енді сөз таптарына талдайық
- Мұнда сын есім бар ма?
- Ал, Саналы - санасыз, жақсы – жаман бұл қандай сын есімдер?
(қарсы мәндес сын есім)
- Ендеше тақтаға назар аударып, берілген сын есімдерге қарсы мәндес сын есім табайық
Аласа – биік
Мейірімді – қатыгез
Қымбат – арзан
Қиын – оңай
Жарық – қараңғы
Ашық – жабық
- енді осы сын есімдердің адам бойында табылатын қасиет қайсы?
- ендеше 1, 2 нұсқаға бөлініп, 1 – н мейірімді, 2 - н қатыгез сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.
Енді қазір біраз тынығып алайық.
Сергіту сәті
Биік ағаштар, аласа ағаштар.
Кең көше, тар көше.
Өздік жұмыс
2. Сындық ерекшеліктеріне кесте толтыру
1 - нұсқа
Не?--------- Түсі ---- Көлемі --- Дәмі --- Иісі ---- Сапасы
қарбыз
жуа
құрт
2 - нұсқа
Не?-------- Түсі --- Көлемі ---- Дәмі ----- Иісі ---- Сапасы
қауын
шие
лимон
1 - нұсқа
Сөз құрамына талда
Сын есім +сын есім туд-н жұр-қ ---- Зат есім +сын есім туд-н жұр - қ ---- Етістік +сын есім туд-н жұр-қ
сұлулық
жалқаулық
сыйлы
білгіш
еңбекқор
2 - нұсқа
Сөз құрамына талда
Сын есім +сын есім туд-н жұр-қ------Зат есім +сын есім туд-н жұр-қ------Етістік +сын есім туд-н жұр-қ
Қадірлі
ойшыл
сыйлы
тапқыш
Шығармашылық жұмыс
- Әлемдегі болып жатқан қылмыс, адамның өміріне зиян келтіру адамзаттың адамгершіліктен, мейірімділіктен, қайырымдылықтан айырылу себебінен шығар, сол себептен әрбір адамның ойында жамандық, қатыгездік болмаса, жүрегі ашық, ниеті таза болса, сол кезде әрбір адам адамға жақсылық жасап, достық қарым - қатынас арқылы адамгершілік арқылы бүкіл әлемде бейбітшілік орнатуға болады. Рухани – адамгершілік білім нәрімен сусындаған әр адам өзін мейірімді, қайырымды, кешірімді, ақыл - ойы толысқан адам болады.
- Сонымен болашақ сендердің бойларында қандай қасиеттер болуы керек.
- Енді Мен елімнің болашағы тақырыбына шағын эссе жазу. Рухы күшті ұлт озады
3 - 4 балаға сөйлем мүшесіне талдау.
- Абайдың қара сөзінен 3 - ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек деген даналық сөзі мәңгілік жасай бермек.
Әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.