Ғарыш айлағының кедергілері

Скачать

Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті:
Математика

Тақырыбы: "Қайталау"
Мақсаты: Білімділік: Балалардың математикаға деген қызығушылықтарын арттыру, ойындар арқылы есептер шығара білуге, әр түрлі пішіндермен жұмыстар жасап, логикалық есептерді ойланып нақты жауап беруге үйрету.
Дамытушылық: Балалардың жыл бойы математикадан өткендерін қайталау арқылы еске түсіріп, ой қабілеттерін жақсы деңгейде дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін ояту, озық оқыту технологиясының тиімділігін пайдалана отырып балаларды шапшаңдыққа, ұжыммен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ұжымдық ойын түрі.
Көрнекі құралдар: 1 - 20 - ға дейін сандар, ғарыш айлағының суреттері, геометриялық пішіндер, гүлдер, түрлі – түсті қағаздар, жаздың суреттері, слайдтар, есептер жазылған карточкалар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық сәт:
Біздер жақсы баламыз,
Өсті ақыл санамыз.
Қонақтармен ең алғаш,
Амандасып аламыз
Сәлеметсіздер ме!
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар сабағымызды Ғарыш айлағына саяхатқа шығудан бастайық.
Көздерімізді жұмып ғарышты көз алдарына елестетейікші, жай дыбыста әуен ойнап тұрады, балалардан көз алдарына не елестегенін сұрау, ғарыш айлағы ғарыш кемесі, зымыран туралы түсінік айтып кету.
Саяхатқа бару үшін бізге зымыран керек, ол үшін әр топ өз зымыранын құрастырып алу керек және әр топ зымыранына ат қою керек.

Ғарышқа жету үшін бірнеше кедергілерден өтуіміз керек, сұрақтарға жауап беріп, есептер шығарып көп жұлдызшаға толтыруымыз қажет.
Ғарыш айлағының кедергілері:

1. Дидактикалық ойын.
Өз орныңды тап ойыны.
Әр балаға сандар жазылған қағаздар ұсынылады, балалар қолдарындағы санға байланысты, тақта алдына сандардың өсу ретімен тұрады.
- Балалар, қараңдаршы, қандай көп сандар санайықшы.

2. Геометриялық пішіндерді жіктеу.

3. Есептер шығару.
Балалар шаршап қалған боларсыңдар бір серігіп алайықшы
Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де
Екі саусақ бірікті
Ине қолға ілікті,
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ. Жол салсақ.
Ал, балалар аспан әлемінде саяхатымызда аяқталып қалды сендер көптеген кедергілерден өттіңдер, енді біздер жерге қонуымыз керек, қону үшін ғарыш айлағындағы соңғы тапсырманы орындасақ қонуға мүмкіншілік бар. Ол тапсырма логикалық есептер шығаруымыз керек.

ә) Логикалық есептер
1. Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып келді екі қаз
Қонбай кетті неше қаз?

2. Бір алманы төртке бөлдім,
Бір бөлігін жеп те көрдім,
Қалған үш бөлігін,
Қасымдағы үш досыма бердім
Қолымда не қалды?

3. Дүкеннен сабын алдым,
Және оның қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарындаш
Тіс ысқышты тағы алдым,
Сонда бәрі қанша болды?
Бізге енді әр топ өз зымыранын тиісті жерге қондыруға мүмкіндік бар тапсырмалардың барлығын орындадық әр топ өздерінің жинаған жұлдызшаларын санайық, ең жақсы мықты экипажды анықтайық.
- Балалар енді сабағымызда аяқталып қалды, жыл бойы математика оқулығын жақсы меңгерген екенсіңдер,
есептерді де жақсы шығардыңдар, біз енді даярлық сыныбымен қоштасып ұзақ демалысқа шығамыз, бұл қай мезгілде болады?
Жаз
Дұрыс айтасыңдар, жаз мезгілінде ауа - райы қандай болады? Жаз туралы не білесіздер?
Есік қағылады.
Балалар есік қағып тұр ма?
Ия
Есік ашылып, ішке көбелек кіреді. Музыка әуені ойнап тұрады.
Сәлеметсіздер ме, балалар?
Сәлеметсіз бе
Балалар бізге кім келді?
Көбелек
Көбелек қай кезде болады?
Жазда
Көбелек бізге би ала келіпті көбелекпен билеп аламыз ба?
Көбелек: Мен сендерге құр қол келген жоқпын сыйқырлы сандықшамен келдім, онда тапсырмаларым бар соларды орындасаңдар жазғы табиғатқа саяхатқа шығып демаласыңдар менім тапсырмаларымды орындап қарайсыңдар ма?
Балалар сандықтан суреттерді алып сұрақтарға жауап береді, суреттер тақтаға ілінеді.
Тақтада жазғы табиғат пайда болады. Балалар суретке қарап әңгіме құрастырады.
Көбелек: жарайсыңдар балалар, сендер өте білімді екенсіңдер, барлық сұрақтарға жауап бердіңдер, жазғы демалысқа шығуға да дайын екенсіңдер.

Қорытынды:
Сабаққа барлықтарың жақсы қатыстыңдар, енді балалар жазғы демалысқа шығып демалып бірінші сыныпқа келесіңдер, сау болыңдар!


Скачать


zharar.kz