Сәнқой түлкі ертегісі
Автор: Ерте, ерте заманда бір қу түлкі өмір сүріпті. Ол түрлі - түрлі көйлектер тіге білетін шебер болыпты. Бірақ тіккен көйлегін тек өзі ғана киеді екен. Бір күні арыстанның туған күні болатынын хабарлайды. Ормандағы барлық аңдарды шақырады. Туған күнге барайын десе, әдемі көйлектері болмайды. Түлкінің киім тігетінін білетіні аңдар, сәнқой түлкінің есігін қағады.
- Қоян: Сәлеметсіз бе, Түлкіжан, сізге бір өтінішім бар еді, тойға барғалы жатыр едім. Маған әдемі көйлек тігіп берші.
- Түлкі: Жоқ жаным, қолым бос емес - дейді.
- Автор: Сөйтіп түлкі қулық жасайды. Қоян ренжіп кетіп қалады.
- Автор: Түлкінің есігін аю қағады.
- Аю: Сәлем түке, іске сәт! Көйлегім ескіріп қалып еді, маған көйлек тігіп берші,- дейді.
- Түлкі: Тойға кетіп барамын. уақытым жоқ деп, шығарып салады.
- Автор: Сәлден соң түлкінің үйіне қасқыр мен жолбарыс келеді.
- Қасқыр: Сәлеметсіз бе Түлкіжан. Біздің саған айтар бұйымтайымыз бар еді. Киген көйлектеріміз ескіріп қалып еді, бізге көйлек тігіп бере аласыз ба? Ертең арыстанның туған күніне баратын едік.
- Түлкі: Тісім ауырып тұрғанын қарашы - деп алдайды.
- Автор: Ертесіне арыстанның туған күніне барлық аңдар жиналады.(Әуен қосылып, аңдар би билейді).
- Автор: Түлкі үйінде былай жүреді, былай жүреді. Әбден іші пысқан түлкі сәнденіп, сыланып әдемі көйлегін киіп туған күнге барады.
Түлкіні барлығы менсінбей, қатарға қоспайды.
- Аю: Сен кеше бізге әдемі көйлек тігіп бере алмаймын деп едің ғой. Қай бетіңмен келіп тұрсың сен енді.
- Жолбарыс: Өзіне қарашы сәнденіп киініп алыпты. Ауырып жатырғаның кәне - дейді.
- Барлық аңдар: Иә, иә солай еді ғой.
- Қоян: Енді сені қатарға қоспаймыз!
- Барлық аңдар: Иә, иә қоспаймыз!
- Арыстан: Қанекей дауласпай, туған күнді тойлауды жалғастыра берейік!
- Қоян: Ендеше ойын ойнайық онда. Бірінші ойынымыз Кім мерген ойыны.
Шарты: Мына ілініп тұрған тақтайшадағы ілмекке шеңберді лақтырамыз. Кім көп шеңберді тақтайшаға ілсе, сол жеңіске жетеді. (Ойын ойналады).
- Арыстан: Түкежан сен біздерге бірдеңе айтқың келіп тұрған сияқты.
- Түлкі: Иә, Асеке. Мен сіздерден кешірім сұрағым келіп тұр. Енді сендердің бұйымтайларыңды бұлжытпай орындап беруге ант беремін. Сіздермен достасқым келеді. Туған күнді сіздермен бірге тойлауға рұқсат етесіздер ме?
- Арыстан: Ендеше достар не істейміз? Түлкіні кешіреміз бе?
- Автор: Барлық аңдар кешіріп, қол ұстасады.
- Қоян: Ендеше екінші ойынымызды ойнайық!
- Барлық аңдар: Ойнайық, ойнайық!
- Қоян: Ойынның аты Орынға таласу - деп аталады.
Шарты: Ойынға қатысушы алты аң. Ендеше ортаға бес орындықты қоямыз. Сол орындықты айнала билеп, әуен тоқтаған кезде, орындыққа таласа отыра қалуымыз керек. Отыра алмай қалған аң, ойыннан шығады. (Ойын ойналады).
- Арыстан: Ал достарым, бүгінгі туған күнімді жақсы өткіздіңіздер! Сендерге рахмет айтамын. Ендеше барлығымыз бірге дос болып, достығымыз ешқашан бұзылмасын. Ендеше Достар әнін айтайық.
- Автор: Сол күннен бастап ормандағы барлық аңдар бір - бірімен тату - тәтті өмір сүріпті.
Ертегі кейіпкерлер: Автор: Дуймбаева Р. А
Түлкі: Сактаганова С. К.
Қасқыр: Қосаева Б. К.
Арыстан: Тогаева А. У.
Қоян: Ермекбаева А. Е.
Аю: Дощимова Ж. К.
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт - Шевченко қаласы, Баутин ауылының
"Ақбота" балабақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы
Ермекбаева Аманкул Ерсайыновна