Сабақтың тақырыбы: Отан
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жуан және жіңішке жұп дауыстылардың ерекшеліктерін өзара салыстыру жолымен аңғарту. Өлеңдегі сөздердің мағынасын түсініп, мәнерлеп оқуға баули отырып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, салыстыру, топтастыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Шаттық шеңбері
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз
Үлкенге де сіз
Кішіге де біз
Бар адамға құрметпен
Бас иеміз біз.
ІІ. Өткенді қайталау.
Қайтала – оқу анасы
Мақалдың бір данасы
Өткенді еске түсірсең
Ешкімнің жоқ таласы.
Біз өткен сабағымызды еске түсірейік
Сөйлеу не үшін керек?
Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?
Дыбыс дегеніміз не?
Дауысты дыбыстар неше түрге бөлінеді?
Ойын: Сөздер қай үйге қонаққа барады?