Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан басталады, слайд

Скачать

Ұстаз болу - жүректің батырлығы (слайдымен)

Мақсаты: Ұстаз еңбегінің жемісі, білім өмір шырағы, оқу - инемен құдық қазғандай деген ұғымдардың мағынасын оқушыларға түсіндіру.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға Абай. Өнер - білім бәрі де оқуменен табылған Ы. Алтынсарин. Барлық істің басшысы – білім мен ұғым Ж. Баласағұни. Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан басталады , слайд.

Мұғалім: - Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар бүгін біздің мектепте үлкен мереке, ұстаздар күні. Аяулы ұстаздар, Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға - дегендей, әр шаңырақтың үміт күткен ұл - қыздары сіздердің білімдеріңіз бен біліктіліктеріңізге жүгініп, сеніп келеді. Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда сіздердің үлестеріңіз зор. Сондықтан да, сіздердің төл мерекелеріңізге арнайы ұйымдастырған 8 б сыныбының тәрбие сағатының тақырыбын Ұстаз болу жүректің батырлығы деп атауды жөн көрдік. Барлық ғалым - данышпандар да, ел басқарған басшылар да, қарапайым жұмысшы да, тіпті ұстаздар да ұстаздан тәрбие алып, білім нәрімен сусындаған. Сондықтан да, адам үшін ұстаздың орны бөлек. Ұлағатты ұстаздар алдында бүкіл әлем бас иеді. Бүгін сыныбымызға мереке күндерін біздермен бірге өткізуге мектебіміздің ардақты да, аяулы ұстаздары, Өзия апай мен Рима апайларың келіп отыр. Мерекелеріңіз құтты болсын!

1 - жүргізуші:
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.

2 - жүргізуші:
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иелік мәңгілік



Скачать


zharar.kz