ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген күйшілердің есімін ата

Скачать

5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық би өнері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қазақ халқының ұлттық би өнерінің қалыптасуы жайлы мағлұмат беру, туған елін, жерін құрметтеуге, мәдениетті, өнерлі болып өсуге тәрбиелеу
Тәрбиелік мәні: Ж. Бегманованың Туған жер әнін үйрете отырып, осы ән арқылы балаларды туған елін, жерін құрметтеуге, мәдениетті, өнерлі болып өсуге тәрбиелеу
Дамытушылығы: баланың ой - өрісін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: баян аспабы, оқулық, бүктемелер
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, Қазақстан тарихы

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, балалардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
1Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесің?
2Африка халқының аспаптары неден жасалады?
3Сөзжұмбақ шешу (күйші)
ІІІ. Оқушылардың білімін жан - жақты тексеру
1Аспаптық музыка дегеніміз не?
2 Күй дегеніміз не?
3 ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген күйшілердің есімін ата?
4 ХІХ ғасырда дәстүрлі күйшілік өнерге өз үлесін қосқан ірі тұлғалардың есімін ата?
5 Дәстүрлі ән өнеріне ХІХ ғасырдың ІІ жартысында зор үлес қосқан әнші - композиторлардың есімін ата?
6. Дәстүрлі әншілік өнер ерекшелігіне қарай қандай мектептерге бөлінеді?
7. Дәстүрлі әндерді бізге жеткізген әншілердің есімін ата?

ІҮ. Жаңа сабақ
1 Қазақтың ұлттық би өнерінің қалыптасуы жайлы әңгімелеу
2 Ш. Жиенқұлованың өмірі мен шығармашылығы жайлы әңгімелеу
3 Жергілікті сазгер, биші, ақын апамыз Ж. Бегманованың Туған жер әнін үйретіп, орындау
Ү. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру
1. Ш. Жиенқұлова қандай өнер адамы?
2 . Ж. Бегманова қай жерде дүниеге келген, ол қандай өнер адамы?
3. Қазақстандағы алғашқы құрылған қандай ән - би ансамбльдерін білесің?
4. Сахнада өз өнерімен халыққа танымал болып жүрген қандай бишілерді білесің?

ҮІ. Жаңа сабақты бекіту
1. Қазақ халқының би өнері қай ғасырда өріс алды?
2. ХІХ, ХХ ғасырда өмір сүрген бишілердің есімін ата?
3. Би өнеріне өз үлесін қосқан бишілердің есімін ата?

ҮІІ Жаңа сабақты қорытындылау
1 Туған жер әнін үйреніп, орындау
2. Сөзжұмбақ шешу Биші
ҮІІІ Үйге тапсырма
Туған жер әнін жатқа орындау
ІХ Бағалау


Скачать


zharar.kz