Ескен Елубаевтың өлеңіАяз болса, ызғарлы, - Деп, - күшігім мұздайды, Бүгін есен кішкентайКүшігіне жүз барды

Скачать

Ескен Елубаевтың өлеңі

Аяз болса, ызғарлы,-
Деп,- күшігім мұздайды,
Бүгін есен кішкентай
Күшігіне жүз барды.

Жылы болса төсегі -
Тез жетіліп өседі
Кәшек шөпті
Қалың қып,
Астына әкеп төседі.

Еш нәрседен ұтылмас,
Қолға түсіп тұтылмас,
Бұл мүттәйім Есеннен
Амал қашып құтылмас.

Басым сынып күйіп тұр,
Ішім қатты бүріп тұр ?
Деміл – деміл далаға
Есен шығып - кіріп жүр.

Іше алмады – ау тамағың,
Аналайын қарағым ...-
Деп анасы салдырлақ
Шытып отыр қабағын.

- Әй, апасы, шошыма,
Ауырғаны осы ма?
Қулық жасап,
Нан тасып,
Жүр ол күшік досына.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері


Скачать


zharar.kz