Тақырыбы: Пирамида құрастыру (үшбұрыш)
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Тараулар: Қарапайым математика
Мақсаты: Білімділік: Балаларға пирамида жайлы түсінік беру, үшбұрышпен таныстыру пішіннен пирамида құрап үйрету.
Дамытушылық: Балалардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Пирамида суреті, үшбұрыш пішіні.
Әдіс – тәсілі: Көрсету, айту, түсіндіру.
Сөздік жұмыс: Пирамида
Билингивалды компонент: пішін – фигура
Танымды оятушылық
а) Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу: Күнмен амандасу №1
Мақсаты: Балаларды сыпайылыққа тәрбиелеу.
б) Назарларын сабаққа аударту
Ұйымдастыру - іздестіру
- Балалар, мынау үшбұрыш пішіні.
- Үшбұрыш деп аталу себебі, оның үш бұрышы бар: саусақпен жүргізіп бұрышын санайық: біреу, екеу, үшеу.
- Мынау біздің күнделікті ойнап жүрген ойыншығымыз, бұл ойыншықтың атауы - пирамида. Пирамида деп аталу себебі – оның астыңғы жағы жалпақ, ал үсті жіңішке болып келеді, пирамиданың пішіні - үшбұрыш.
Сергіту сәті:
Қызыл, жасыл, сары, көк
Алуан - алуан пішіндер.
Ал, қанекей балақан
Тап үшбұрыш ішінен.
- Ал балалар, қазір бәріміз бірге пирамида құрастырамыз.
- Пирамиданың ең астына қандай дөңгелек қоямыз?
- Үлкен.
- Оның үстіне қандай қоямыз?
- Орташа.
Ал ең үстіне қандай дөңгелек қоямыз?
- Кішкентай.
- Өте жақсы балалар енді келіп өздерің реті бойынша пирамиданы құраңдар.
Ойын: Қай зат артық?
Мақсаты: Балалардың алған білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Шарты: Үшбұрыш пішінді заттардың арасына дөңгелек пішінді зат қойып, қайсысы артық екенін тапқызу.
ШҚО, Аягөз ауданы,
№4 аралас орта мектеп ішіндегі шағын орталықтың тəрбиешісі
Абдинова Назым Даутовна
Толық нұсқасын жүктеу