Деректі тарихи контекст шеңберіне сал

Скачать

Қазақстан тарихы 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ерте темір дәуіріндегі тайпалық бірлестіктер мен ежелгі мемлекеттер (Қайталау)
Сабақтың ұраны: Рухы биік халықтың, іргесі берік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан жерін мекендеген ежелгі тайпалардың тарихы, тұрмыс - тіршілігі, мәдениеті жайында алған білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Тарихи мәліметтермен, хронологиялық даталармен, картамен жұмыс істеу барысында жан - жақты іздену, талдау, сипаттау қабілеттерін дамыту, шығармашылық деңгейін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушының бойына ұлтжандылық сезімін ұялатып, елін, жерін сүйетін ұлттық рухы жоғары мәдениетті азамат тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Оқушылардың презентациялық слайд фильмдері, карта, интербелсенді тақта. таратпа матеиралдар. АҚТ құралдары (Онлайн интернет байланыс, PDF презентациялық көрсетілім, бейне материал)
Түрі: Қайталау сабағы
Әдісі: Топтық жұмыс, ізденіс жұмысы, тест, кесте толтыру, картамен жұмыс, деректерді интерпретациялау; алгоритмдік талдау, семантикалық карта, оқулықпен жұмыс, аналитикалық талдау түрлері, сұрақ - жауап.

Сабақ кезеңдері:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Білім өзектілігі (Актуализация знаний)
III. Сабақты түсіну және қабылдау
IV. Алған білімді қорыту және жүйелендіру
V. Үй тапсырмасын беру
VI. Бағалау

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең
- Сынып бөлмесін әзірлеу
- Оқушыларды топқа бөліп отырғызу
1 топ: Сақтар
2 топ: Үйсіндер
3 топ: Қаңлылар
4 топ: Ғұндар

Қоңырау соғылады
а) Оқушылармен амандасу
б) Оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру
в) Оқушылар назарын сабаққа аудару
г) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Алгоритмдік талдау
- сынып оқушылары шағын топтарға бөлініп үй тапсырмасы Темір дәуіріндегі тайпалық бірлестіктер мен алғашқы мемлекеттер тақырыбындағы презентациялық шығармашылық жұмыстарын қорғайды. Шығармашылық жұмыс белгіленген алгоритм бойынша құрылу қажет.
Алгоритмдік талдау:
А) Тарихи сипаттама
- хронологиясы, орналасқан жері; деректердегі атауы; астанасы
В) Саяси тарихы
- ішкі сыртқы саясаты; тайпалар арасындағы алғашқы соғыстар:
С) Қоғамдық құрылымы
Д) Шаруашылығы
 1 топ - САҚТАР
 2 топ - ҮЙСІНДЕР
 3 топ - ҚАҢЛЫЛАР
 4 топ - ҒҰНДАР

3. Білім өзектілігі (Актуализация знаний)
1. Жазбаша деректерді интерпретациялау
Әр топқа тарапта материалдар таратылады. Таратпа материалда ежелгі тайпалар туралы жазбаша дереккөздер берілген. Әр топ өз тақырыбына сай деректерді тауып тарихи контекст шеңберіне салу арқылы жауап береді. (Бұл тарсыпма оқушылардың алған білімдерін қолданып, деректерді талдауға үйретеді)
Тапсырма: Деректі тарихи контекст шеңберіне сал.
А) берілген деректің авторын анықта, қысқаша сипаттама бер
В) Тарихи деректе көрсетілген оқиғалардың себеп - салдарының байналысын анықта.
С) Деректегі тарихи оқиғаның контексін талда.
Мұғалімі: Исина Мадина Сатбековна
Ерте темір дәуіріндегі тайпалық бірлестіктер мен ежелгі мемлекеттер (Қайталау). жүктеу


Скачать


zharar.kz