Сабақтың тақырыбы: Не деу керек? Буын
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға буын туралы түсініктерін қалыптастыру
ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту
б) Үлкен кісіні сыйлауға, әдептілікке тәрбиелеу, дұрыс амандасуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті - құралдар: кеспе әріптер.
Пайдаланатын әдіс - тәсілдер; сұрақ - жауап,
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, сабаққа дайындау.
II. Үй тапсырмасын сұрау: Үйге қандай тапсырма берілді? Біз бір - бірімізбен қалай амандасамыз, қане көрсетейік.
III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: Дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы түсініктерін пысықтау
IV. Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі өтетін тақырыбымыз буын туралы болмақ. Буын дегеніміз не?- Қане кім айтады?
V. Жаңа сабақ: Ереже Сөзде неше дауысты дыбыс болса сонша буын болады: от, ба - ла58 - жаттығу 1. Сөздерді буынға бөліп оқу. Апа, әже, ата, көке, шеше, нағашы, жиен.
Әр сөздегі дауысты дыбыстарды атау. Суретке қарап әңгіме құрап көрейік - Ата және бала. Бала атаға қалай көмектесіп жатыр?- Дұрыс, жолдан өтуіне көмектесіп жатыр. Сергіту сәті59 - жаттығу мақал - мәтелдерді оқыңдар. 1. Ананың сүті - бал, Баланың тілі - бал2. Күннің шуағы жылы, Ананың құшағы жылы. 2. Әр сөзде неше дауысты дыбыс, неше буын барын айтыңдар.
VI. Жаңа материалды пысықтау:
Не деу керек?
Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді
Ең үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әперді
- Не деп барып, жеу керек?
Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу, айқай
Сен де шықтың, көршіңді
Қағып кеттің байқамай
- Мұндайда не деу керек?
Әжең сенің түскі асқа
Қант - кәмпит салды мол
Жұрттан бұрын ыдысқа
Өз бетіңмен салдың қол
- Жөн еді не айтқаның?
VII. Бекіту кезеңі:- Балалар, өлеңдегі сауалдарға жауап беріп көрейікші - Бұдан басқа қандай сыпайы сөздерді білесіңдер? Мақалдар
1. Сіз деген - әдеп,
Біз деген - көмек.
2. Әдепті бала
Ата – анасын мақтатар
Әдепсіз бала
Ата - анасын қақсатар
VIII. Үйге тапсырма, бағалау