Досыңнан шамасы келмес нәрсені сұрама

Скачать

▪ Нағыз досы бар адам – бақытты!

▪ Дұшпаныңыздан қорқыңыз, ал жаман достан екі есе қатты қорқыңыз.

▪ Достар көп, нағыз дос біреу - ақ.

▪ Досты біз таңдаймыз, нағыз досты уақыт таңдап береді.

▪ Достық – адамды бұрыннан танып білу емес. Дос - біздің өмірімізде өз орны бар, ерекше жан.

▪ Нағыз дос сізбен бірге жардан құламайды, төменге құлатпай қағып алады.

▪ Нағыз дос – сіз қиналғанда бірге болады, өзі қуанғанда қасында болуыңызды сұрайды.

▪ Нағыз дос сөзімен емес, іс-әрекетімен көрінеді.

▪ Досыңыз ақылды болуына назар аударыңыз, ақымақ дос, ақылды дұшпаннан қауіптірек.

▪ Егер досың ақымақ болса, сенің ақылың да сол шамалас.

▪ Досыңнан шамасы келмес нәрсені сұрама!

▪ Нағыз достық – дос болуға лайықты жандардың арасында ғана болады.

Өмір туралы

Өзіңіз білетін афоризмдерді пікір қалдыру жолына жазып қалдыруыңызға болады. Сайтта жарияланатын болады.


Скачать


zharar.kz