Бабаджа – Хатун. Қазақ тарихындағы әйелдер
Бабаджа - Хату кесенесі Айша бибі мазарының жанында орналасқан. Бұл кесене де ХІ - ХІІ ғасырлардағы сәулет ескерткіші болып саналады.
Бабаджа - Хатун, аңыз бойынша, байдың қызының (кейде Айша бибінің) бағушысы, күтушісі екен. Ол сапар кезінде Айшаның қасында болған. Айша қайтыс болған соң, оның мазары үстінде жағылып тұрған алауды ұстап тұрды. Бұл екі кесене сәулет ескерткіші ретінде және қажылық дәстүрін өткізілетін мұсылманның қасиетті жерлері болып есептеледі .
Әрине, бұл ескерткіштің басқа ескерткіштерге қарағанда пішіні әлдеқайда қарапайым, бірақ өте сапалы салынған. Сол себепті де, қазірге дейін жақсы қалпында сақталған. Қарахан, Арыстан баб, Иассауи және Айша бибі т. б. кесенелер бірнеше рет қайта салынған, күрделі жөндеуден өткен болса, Бабаджа - Хатун кесенесі өзінің алғашқы салынған қалпында сақталып тұр. Пішіні мен әшекейлік оюлары қарапайым болса да, кесене сұлулығымен көз тартады.