Тақырыбы: Табиғатқа саяхат.
Мақсаты: Балаларды қоршаған әлемді сезінуге және тануға деген қызығушылығын арттыру.
Жануарлар әлемі туралы дүние танымын кеңейту.
Балаларға көкөністер мен жеміс - жидектердің адам денсаулығына тигізетін пайдасы жайлы түсіндіру.
Туған жердің табиғатын аялап қорғауға, адамгершілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: Қане балалар сәлемдесіп алайықшы;
Табиғат біздің анамыз,
Иіліп сәлем береміз.
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп - өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Күнге қанат қағамыз.
Қайырлы күн, балалар,
Қайырлы күн, қонақтар.
Балалар өлең жолдарды қимыл - қозғалысын жатқа айтады.
Кіріспе. Сұрақ – жауап:
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың кай мезгілі?
Балалар: Күз мезгілі.
Тәрбиеші: Күз айында неше ай бар, олар қалай аталады?
Балалар: 3 ай, қыркүйек, қазан, қараша.
Тәрбиеші: Күз айларында қандай еңбек етеді?
Балалар: Егін пісіп, егін жинайды.
Балалар, менің айтқанымды мұқият тыңдап алыңдар. Біз бүгін Айналадағы ғажайып әлемге саяхатқа шығамыз. Бірақ Айналадағы ғажайып әлемге тек қана ақылды, білімді балалар бара алады. Біздің алдымыздан кедергілер кездеседі, тапсырмаларды орындау арқылы ғана, олардан өте аламыз. Қорықпайсыңдар ма? Барамыз ба?
Айналадағы ғажайып әлем
Балалар, біздің алдымызда жемістер бағы бар. Жемістер бағынан қалай өтеміз? Бақтан өту үшін мына тапсырмаларды орындау керек.
Ойын: Сұрақ - жауап: Балалар, қараңдаршы, алдымызда не пайда болды? Бақ! Бақта қандай жемістер өсіп тұр?
Балалар: Алма, өрік, алмұрт, жүзім.
Жемістер туралы қандай тақпақ білесіңдер? Балалар қараңдаршы, бақ бізге тапсырма беріп тұр, тапсырманы орындамасақ бізді ғажайып әлемге өткізбейді. Тапсырманы орындайтын: Нұрислам:
Алма, алма дейсің,
Алма әкелсем, жейсің.
Айтпады екен деме,
Алманы жумай жеме.
Табиғатқа саяхат. жүктеу