Шұжық (варенный колбаса) - 150 грҚияр - 1 - басҚызанақ (помидор) - 1 басЖұмыртқа - 3 басІрімшік (сыр) - 100 грМайонез - 3 ас қасықБұл салатты өте оңай деуге болады

Скачать

Шұжық (варенный колбаса) – 150 гр
Қияр – 1- бас
Қызанақ (помидор) – 1 бас
Жұмыртқа – 3 бас
Ірімшік (сыр)– 100 гр
Майонез – 3 ас қасық

Бұл салатты өте оңай деуге болады. Жұмыртқаны ғана қайнатып пісіріп алу қажет. Алайда сәнді болуы үшін арнайы форманың ішінде қабаттап салып шықса әдемі көрінеді. Түгел араластыруға да болады.
▪ Ең алдымен жұмыртқаны төртбұрышты етіп турап, бір шымшым тұз салып, бір ас қасық майонез қосып араластырып қойыңыз.
▪ Шұжықты төртбұрышты етіп тураңыз, бір ас қасық майонез салып араластырып қойыңыз.
▪ Қияр мен қызанақты да төртбұрышты етіп тураңыз.
▪ Ірімшікті үккіштен өткізіңіз.
▪Жайпақ тәрелкені алып ортасына салатқа арналған форманы қойып, шұжықты салыңыз, келесі қиярды салыңыз, келесі жұмыртқаны салыңыз, келесі қызанақты салыңыз, соңынан яғни ең бетіне ірімшікті салыңыз. Жаймен форманы алыңыз.
Салат дайын, асыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Асыл


Скачать


zharar.kz