1986 жылғы Желтоқсан қозғалысымен тарихқа енді

Скачать

Арқалық қаласы, Жалғызтал ауылы
Т. Әубәкіров атындағы жалпы негізгі білім беретін мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі: Бисекеева Гаухар Зейноллаевна

Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Елімнің ертеңі – Тәуелсіздік
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен және сол мақсаттарға жету барысында өздерінің елі, халқы үшін жас өмірін қиған аға ұрпақтың ерлік істерімен таныстыру.
2. Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын дамыту, есте сақтау қабілетін шыңдау, мәнерлеп айтуға баулу, ой - өрісін кеңейту.
3. Тәрбиелік: Отан Ананы құрметтеуге, Тәуелсіздікті бағалай білуге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, ұлтжанды болуға тәрбиелеу.
Түрі: Жұптық сайыс

Сабақтың эпиграфы.
“Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн” Н. Ә. Назарбаев

Сыныпты топқа бөлу
1 - жұп 2 - жұп 3 - жұп 4 - жұп 5 - жұп
Зымыран сұрақтары
Білім және білу
Түсіну
Талдау
Жинақтау
Қолдану
1. Зымыран сұрақтары
1. Қазақстан Республикасының президенті (Н. Ә: Назарбаев)
2. Ата Заңымыз қашан қабылданды. (1995, 30 тамыз)
3. Қазақстанның рәміздері ( ту, елтаңба, әнұран)
4. Ұлттық теңгеміздің туған күні 1993, 15 қараша)
5. ҚР тұңғыш ғарышкері (Тоқтар Әубәкіров)
5. Қазақстан қандай ел ( тәуелсіз, егеменді, біртұтас)
6. Әнұранның авторы (Жұмекен Нәжімеденов, Н. Назарбаев)
7. Жаңа елорданың атауы Астана болып қашан өзгертілді? 6. 09. 1998жылы
8. Биыл тәуелсіздігімізге қанша жыл толады? ( 23 жыл)
9. Қ. Р. мемлекеттік тілі ( қазақ тілі)
10. Елбасымыздың нұсқауымен 2015 жыл Қ. Р. – да қандай жыл болып жарияланды? (2015 жыл - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды)

2. Білім және білу
көрсету
Жоңғар шапқыншылығы
Ашаршылық (1930 - 1932 жыл)
Репрессия (1937 - 1939 жыл)
Ұлы Отан Соғысы (1941 - 1945 жыл)
Желтоқсан оқиғасы (1986 жыл).
3 - түсіну
Осы ата бабаларымыздың қаны неге төгілді
Кімдер үшін күресті
1-топ
Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді.
Тарих ертегі емес, бұрмалап – бопсаласаң шырылдап жылайтын, обал – сауабы өте ауыр ақиқат. Олай болса, қазақ тарихына, яғни өткеніне бір сәт үңіле қарасақ.

2 - топ
200 жыл патшалы Ресейдің отары болдық.
70 жыл әміршіл – әкімшіл үкімет үстемдік етті. Тілімізден, дінімізден айырылдық.

3 - топ
1920 – 1921, 1931 - 1932 жылдары ұлтымыз қолдан жасалған аштықтан, зорлық – зомбылықтан елінен безіп, өз ұясын, руын, туған – туысқанын сақтап қалу үшін 44 елге тарыдай шашылып кетті.

4 - топ
( 1941 жылы 22 маусымда басталып, 1945 жылы 9 мамырда аяқталды, 1418 күн мен түнге созылды, 603 мың қазақстандықтар.)

5 - топ
1916 жылғы көтерілістер ұлы дүрбелеңге ұласты. 1986 жылғы Желтоқсан қозғалысымен тарихқа енді.
1986 жылғы 16 – желтоқсан - Үлкен өзгеріс күні. Алматыда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің өте қысқа пленумы болды. 18 минут қана өткен пленум қазақ халқының тағдырын тас – талқан етті.

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz