Басым оқушылар

Скачать

Сабақ тақырыбы: Терракот әскері Ежелгі Қытай туралы қандай ақпарат береді
Оқу мақсаттары: 5. 3. 1. 1 – ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар: Ежелгі Қытайдың терракот әскерінің пайда болу себебін түсіндіреді;
Басым оқушылар: Цинь империясының басқару формасын ажырата алады;
Жекелеген оқушылар: Цинь Шихуанди императордың қызметіне баға береді.

Сабақтың басы
0 - 3 мин Ұйымдастыру бөлімі:
Сәлемдесу, позитивті көңіл күй қалыптастыру.
Үй тапсырмасы бойынша қайталау:
Миға шабуыл Мен саған - сен маған әдісі.

Конфуций
Лао Цзы ілімдеріне баға беріңдер.

Жаңа сабаққа көшу:
Тақтаға тақырыпқа байланысты суреттерді көрсете отырып, оқушылар сабақтың тақырыбын тауып алады. 1974 ж Қытайдың Сиань қаласында бір шаруа құдықтың жаңынан ескі терракоттың ескі қалдықтарын тауып алды. Кейін археологтар осы жерден үлкен тарихи маңызы бар тарихи ескерткіш тауып алады.
Сұрақ: Суретте не көрсетілген? Қытайлықтар неге осылай жерлеген? Бұл нені білдіреді?
Сабақтың мақсаттары мен бағалау критерийлерімен танысады.

Павлодар қаласы,
№21 ЖОМ тарих және география пәндерінің мұғалімі
Есмакаева Гульмира Болатовна

Терракот әскері Ежелгі Қытай туралы қандай ақпарат береді жүктеу
Терракот әскері Ежелгі Қытай туралы қандай ақпарат береді слайдын жүктеу


Скачать


zharar.kz