Оқу мен оқытудағы кедергілер және оларды жеңу жолдары
Коучинг жоспары
Коучинг тақырыбы: Оқу мен оқытудағы кедергілер және оларды жеңу жолдары
Жалпы мақсаты: Оқуда туындауы мүмкін кедергілерді анықтау. Оқу мен оқытудағы қиындықтарды жеңудің стратегиясын ұсыну.
Күтілетін нәтижелері: Оқудағы кедергілер зияткерлік, әлеуметтік және эмоциялық сипатта болатынын және табысты оқытуға қол жеткізудің мәнін түсінеді
Қосымша материалдар
Презентация, маркер, стикер, түрлі - түсті парақтар, постер.
Сәлемдесу
Кіріспе 2 мин
Коуч мұғалім тыңдаушыларға сәттілік тілеп, жағымды ахуал тудырады.
Топтарға бөлу 5 мин
Поровоз ойыны ойнатылады
Ой қозғау 3 мин
Коучингтің тақырыбын мұғалімдер өздері ашатындай сұрақтар қойылады
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл 15 мин
Топтық жұмыс: Оқудағы кедергілер
(постер қорғау)
Бағалау 3 мин
Екі жұлдыз, бір тілек арқылы топтар бірін - бірі бағалайды
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл 7 мин
Әр топ бір стратегия ұсынады, өз ойларын айтып, талдау жасайды.
Таныстырылым көрсету 3 мин
Коуч мұғалімдерге тақырып бойынша таныстырылым көрсетіп, мағлұмат береді
Кері байланыс
Рефлексия 5 мин
Мен нені үйрендім?
Маған не қиын болып көрінді?
Не күрделі болды?
Мен енді нені үйренгім келеді?
Оқу мен оқытудағы кедергілер және оларды жеңу жолдары жүктеу