Аяулы аналар

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Аналар - асыл жандар

Сабақтың мақсаты: Балаларға көктем туралы, 8 - наурыз туралы түсінік беру, отбасындағы ананың орнын, анаға деген құрметті ұғындыру. Ана жайлы ұлағатты сөздер, өлеңдер, ана мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсіндіру, ананы сүю арқылы еліне жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Ана туралы нақыл сөздер, мақал - мәтел жазылған плакаттар суреттер, гүлдер, шарлар, сыйлықтар.

Шараның жүру барысы:
Жүргізуші: Аяулы аналар! Апайлар мен қызғалдақ қыздар, көктем мерекелеріңіз құтты болсын, Көктемнің шуақты күндеріндей, сан алуан гүлдеріндей құлпырып, жайнап өсе беріңіздер. Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын. Халқымыз ежелден ақ құрметтеп Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы деп тектен - тек айтпаса керек. Ақ сүтін беріп, түн ұйқысын төрт бөліп жақсы ісімізді асырып, жамандығымызды жасырған, ана қарызын өтеу барлығымыздың парызымыз.
Біз үшін бір сәт тыным таба алмаған,
Су кешіп, отқа күйіп алаулаған,
Өсірген, ақ сүт беріп қарызыңды,
Өтермін қалай ғана аяулы анам.

Құрметті қонақтар, бүгінгі мектепке дейінгі шағын орталықтың сіздерге арналған Аналар - асыл жандар атты мерекелік ертеңгілігін тамашалаңыздар.
Құшақ жая қарсы аламыз әсем шаттық көңілмен,
Қош келдіңіз, төрімізден орын алған көрермен.
Көп алдында бүлдіршіндер ән сап, өнер көрсетер
Тыңдаңыздар тамашалап жаңа жолын өнерден - дей келіп.
Құттықтаймын мама әні – хормен

Дильназ: Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды қуантып,
Ән маржанын шашайық

Назерке; Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның,
Анаға айтар лебізі.

Алихан: Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де.
Мансур: Ана деген асқақ ән
Орындайтын әрқашан
Анадай қымбат сыйлықты
Таба алмайсың әрқашан.
Көңілді әуенмен балалар шығып жарты шеңбер болып тұрады.
Аманат: Қазір бізде мереке,
Кешікпейме ешкімде.
Жанболат: Жаңа көйлек киіп қыздар,
Дайын отыр келіп қалар
Мансұр: Босқа тұрма сен енді,
Безендір тез бөлмені.
Шыңғыс: Айттым әне сендерге
Үлгермейміз біз енді
Манас: Тыныш, тыныш керіспеңдер,
Қыздар келер келіссеңдер.

Музыкамен қыздар шығады. Ұлдар гүл ұсынып вальс билейді.
Вальс: ұлдар мен қыздар

Аманат: Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсындай.
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай
Жанболат: Айналайын анашым
Көкте күн боп жанасың
Ет жүрегің елжіреп
Құшағыңа аласың
Айшабибі: Менің әжем, ақ әжем
Ұлмен қыздың бағы әжем
Ертегі айтып бер десең
Айтып берер тағы әжем
Манас: Сен жалықпай жетектеп
Мен жаттыға жетермін
Айтқаныңды екі етпей
Ақ сүтіңді өтермін
Шыңғыс: Бәрімізге анасың
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым.
Апа - ау әні орындайтындар Мадина мен Асылай

Дидактикалық ойын
Менің қолымнан не көріп тұрсыңдар. Әрине шар. Бұл шардың ішінде бізге сұрақтар
берілген екен. Қане шарды жарып ішіндегі сұрақтарға жауап беріп көрелік.
1) Кім бізді өмірге әкеліп, бағып қағып әлпештеп өсірген?
2) Біз қатты қуанғанда, қуанышымызды кімге жеткіземіз?
3) Біз қатты ренжігенде, жылағанда өзіміздің жағдайымызды кімге айтамыз?
4) Бар тәттісін, бар жақсысын бізге жеткізіп бізге кигізетін кім?

Олай болса Ақ мамам әні хормен

Медина: Менің әжем нар әжем
Көп жасаған кәрі әжем
Ауырғанда мен үшін
Әр сүйгені дәрі әжем
Даяна: Маме подарю салфетку
Край украшу бахрамой
На салфетке вышью ветку
И цветочек голубой.
Данил: На земле добрее всех
Дарит сказки дарит смех
Из - за нас порой грусти
Пожалеет и простит
Галя: В этом слове солнце свет
Лучше слова в мире нет
Льется песенка ручьем
Это мы о ней поем.

Би. Ганганстайл - Аманат - Медина
Жанболат - Асылай
Ән: Қызыл өрік - орындайтын Жанболат

Мадина: Ана көркі көлімнің
Ана нұры жерімнің
Ана бағы баланың
Мақтанышы елімнің
Асылай: Үн қатасың бал тілмен
Еркелейсің әр күн мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен


Скачать


zharar.kz