Грамматикалық тақырып

Скачать

Қазақ тілі 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Менің мектебім
Грамматикалық тақырып: Реттік сан есім
Мақсаты: Білімділік: тақырып бойынша жан – жақты мәлімет беру, реттік сан есімді меңгерту. Сауатты жазуға, сөйлеуге үйрету.
Дамытушылық: түсініп оқуға, жауап беруге, ауызекі сөйлеу қасиеттерін дамыту. Тілге деген қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру.
Тәрбиелік: Отанын, мемлекеттік тілді құрметтеуге, қоғамдық орында өзін – өзі тәрбиелі ұстауға тәрбиелеу, бағыт беру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет, тарих, математика, орыс тілі
Сабақтың жүргізілу әдіс - тәсілдері: бағыт беру, түсіндіру. топтық жұмыс. Ойын элементтері. Ізденіс жұмыстары.

Сабақтың барысы:
Мейірімді жүрекпен
Ақпейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық!

I Ұйымдастыру кезеңі
II Кезекшімен диалог, тілдік ортаға көшу.
III Үй жұмысын сұрау, ( Қыс мәтінін мазмұндау), бағалау, бекіту.
Өткен грамматикалық тақырып антонимді қайталап бекіту мақсатында сұрақтар қою.
Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу үшін, бір сәт интерактивті тақтаға қарайық!
Тақтада сөзжұмбақ. Сөзжұмбақты шеше отырып, тақырыпты білеміз.
1. Учитель
2. Широкий
3. Дежурный
4. Книга
5. Окно
6. Класс Тігінен мектеп сөзі шығады.
Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы: Менің мектебім. Грамматикалық тақырып: Реттік сан есім

Кіріспе сөз. Балалар, бүгінгі сабақ ерекше. Біз топқа бөліне, жарыса жұмыс істей отырып, мектеп кабинеттеріне саяхат жасаймыз. Әр кабинет бізге тапсырма дайындаған. Әр тапсырманы дұрыс орындаған сайын сендердің дұрыс, бұрыс жауаптарың мынандай белгілер бойынша бағаланып отырылады. ( Тақтадан көрсету) Жоғары қабатқа көтерілген сайын, тапсырма да қиындай түседі. Бірінші топтық аты – Тәртіпті , екінші топтың аты – Әдепті Ал, Білімді топ атану үшін барлық күшімізді салуымыз керек.
Айтыңдаршы, кім мектеп туралы тақпақ біледі?
Сөздікпен жұмыс жаңа сөздермен танысайық!
Ұғым - понятие
Сауатты – грамотный
Реттік сан есім – порядковые числительное
Ереже - правило
Салынған – построен
Араб тілі - арабский язык
Бұл сөздердің барлығы мектеп өмірімен байланысты.
Грамматикалық тақырыпқа шолу жасайық!
Балалар, сан есім дегеніміз не? Қандай сұраққа жауап береді?
*Порядковые имя числительное обозначает порядок при счете предметов и отвечает на вопросы қай? (который?), нешінші? (который по счету?). Реттік сан есім образуется от есептік сан есім при помощи суффиксов – ншы\- нші (если корень оканчивается на гласный), - ыншы\ - інші ( если корень оканчивается на согласный). Но, исключение составляет только числительное двадцать, к которому прибавляется суффикс – сыншы
Ал, ендеше реттік сан есім орыс тілінде қалай жасалынады?
Бір – один, бірінші – первый
Тақтаға қарап, Сабағымызды саяхат арқылы өрбітейік!

• Математика пәні кабинетіне саяхат
Тапсырма. Есептік сан есімді реттік сан есімге айналдырып жаз.
1 – топтың тапсырмасы
Үш....., алты..., жиырма....., он.... он бес....., жеті.
2 – топ
Он алты...., жиырма бес..., қырық...., он төрт..., бес..., сегіз..
( Тақтадан тапсырма көрсетіледі) Оқушылар сәл ойланып, жұрнақтарды тиісті орындарына қояды) Бағаланады.
• Тарих пәні кабинетіне саяхат
Тақтадағы мәтінмен танысайық!
Тапсырма
1 - топ Мәтінді оқи отырып, сұрақ дайындап, бір – біріне қойып, жауап береді. Мәтінді оқып сұрақ құрастыру
Тапсырманы жазбаша орындау.
Сол кезде екінші топ сұрақтарға жауап береді және бағалайды.
( Бағаланады)
• Орыс тіл пәні кабинетіне саяхат
Кітаппен жұмыс 148 - бет 2 - тапсырма
Мәтінді оқып, орыс тіліне аудару. (Бағаланады)
• Музыка пәні кабинетіне саяхат

Сергіту сәті
• Дене тәрбиесі залына саяхат
Қазақ халқының ұлттық ойыны Ханталапай
Мынау асық, асығыңдар келіңдер,
Сұрақтарға жылдам жауап беріңдер,
Мақал менен сан әлемге еніңдер,
Жұмбақтарды зерде менен шешіңдер.
Ойынның шартымен танысыңдар. ( бағалау)
Ойынның шарты: ең аз асық жинаған топ мүшесі, қоржыннан шыққан тапсырмаға жауап береді. (Бағаланады)
Бейнелеу пәні кабинетіне саяхат

Рефлексия
Оқушылар өз мектептерінің суретін салып, мектеп туралы қазақша айтып береді. Әр топ өз мектептерін сипаттайды.
Сабақты бекіту, бағалау. Әр топтың жетістігін айту.
Үйге тапсырманы күнделіктеріне жазғызу. Түсіндіру.


Скачать


zharar.kz