Дене шынықтыру
Тақырыбы: Спорт - өмір көркі.
Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;
Оқушылардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.
Түрі: Эстафеталық ойын
Өтілетін орны: Спорт залы
Көрнекілігі: түрлі - түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, ысқырық, уақыт өлшеуіш.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Негізгі бөлім
Құрметті мұғалімдер, оқушылар бүгінгі Спорт - өмір көркі сайысына қош келдіңіздер!
Көңілді жарысқа 2 сынып оқушылары қатысады.
Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
- Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
- Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.
І. Кезең. Секіртпемен секіру. Шарты: Секіртпемен секіріп, тапсырманы орындау.
ІІ кезең: Аққала
Шарты:
1. Үлкен резеңкі доптың үстіне отырып секіріп жарысу.
2. Допты жерге ұрып жүгіру.
3. Футбол добын теуіп бару.
4. Допқа шелек кигізу.
ІІІ кезең: Туннель
Шарты: Әр топқа матадан жасалған туннель беріледі. Әр ойыншы туннель арасынан өтіп, белгіленген жерге дейін жүгіріп, орнына келеді.
ІV кезең: Шайбалы хоккей
Шарты: Әр ойыншы шайбаны клюшкамен итеріп кедергілердің арасынан жүгіріп өтеді..
V кезең: Самокат тебу.
Шарты: Самокатпен жүріп кедергілердің арасынан өтіп жарысу.
VI кезең. Мергендер. Шарты: Әр ойыншы үрленген шарды атады. Қанша шар жарғаны саналады.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Сайысымызды бастаймыз. Алға тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас.
Сұңқар тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін.
Қайрат тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны:
Салауатты өмір салтын сақтаймыз,
Жаттығудан ешқашан да қашпаймыз.
Парасат тобы: Парасатты, айбынды,
Боламыз біз сегіз қырлы, бір сырлы.
Әр кезең сайын әділқазылар өз бағасын береді.
ІІІ. Қорытынды бөлім:
Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар,
- деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.
Спорт – көркі өмірдің,
Спорт - досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!