Химия - заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы

Скачать

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған
С. Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ
мектеп - интернат кешені, химия пәнінің мұғалімі
Темиралиева Аяжан Джигеровна

Қысқа мерзімді жоспар
Химия 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Химия – заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Химия ғылымының пайда болуы, дамуы және маңызы туралы қысқаша тарихи мәліметтер. ТҚ ережесі бойынша кіріспе.
Жалпы мақсаты Жаратылыстану ғылымдарының бір саласы химия пәні туралы түсінік қалыптастыру. Зат туралы ұғымды қалыптастыру арқылы оның дене ұғымынан айырмашылығын қарастыру. Химия тарихы туралы мәлімет беру. Химияның негізгі міндеттерімен таныстыру. Пәнаралық байланыс.

Мұғалім әрекеті
Ұйымдастыру
- Сыныптың санитарлық - гигиеналық жағдайын бақылау;
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу

Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те көретініміз химия ғажайыптары. Химия адам ісіне құшағын кең жаяды деп М. В. Ломоносовтың айтқан сөзімен сабағымды бастаймын. Күнделікті өмірде біз отынның жануын, металдардың тоттануын, судың булануын, қатуы сияқты құбылыстарды байқап жүрміз.

Химия физикамен тығыз байланысты, Бұл екі ғылымның, - деп жазды Ломоносов – өзара байланысқандығы соншалық, бірінсіз - бірі жетіле алмайды . Сонымен қатар жаратылыстану ғылымдарымен геология мен биологиямен тығыз байланысты. Химия мен геология аралығынан Жердің әртүрлі жүйелерінде химиялық элементтердің таралуымен миграциясын зерттейтін геохимия ғылымы туды.


Скачать


zharar.kz