Сөздік қорларын молайту, сауатты жазуға қалыптастыру

Скачать

Сабақтың атауы: Сан есімдерге жаттығу жұмысы
Мақсаты: Оқушылардың сөз таптары туралы түсініктерін тереңдете отырып, сын есім туралы түсінік қалыптастыру. Сын есімнің заттың сипатын, түсін, түрін білдіретіні туралы мағлұмат беру. Сын есімді сөйлем ішінен таба білуге, ажырата білуге дағдыландыру, зат есіммен байланысын анықтауға үйрету. Сөздік қорларын молайту, сауатты жазуға қалыптастыру. Шығармашылық, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Табысты критерийлер: Оқушылар сыни тұрғыдан ойлану. Тақырып бойынша білім алу. алған білімдерін тиянақтауға, пысықтауға, өз бетінше жұмыс жасау.
Сілтеме: Г. И. Уайсова, Р. С. Әміров, Ә. Е. Жұмабаева
Баспасы: Алматы Атамұра , 2013ж, 4 - басылымы, өңделген
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Сөздік жұмыс, топпен жұмыс
Күтілетін нәтижелер: Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау қабілетін, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыта отырып, ұлттық тәрбие, патриоттық сезім қалыптастырады.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
“Мен елімді сүйемін” тренинг
1. Егер сіздің досыңыз болса, өз басыңды сипа.
2. Мысығыңыз болса, көршіңіздің басын сипаңыз.
3. Итіңіз болса, көршіңізді құшақтаңыз.
4. Мектебіңізді жақсы көрсеңіз аяқтарыңызды топырлатыңыз.
5. Отанды жақсы көрсеңіз, қолдарыңызды жоғары созыңыз.

Топқа бөліну
- Балалар, қазір суреттер арқылы 3 топқа бөліне қояйық.

Білу
Үй тапсырмасын тексеру:
- Балалар енді қолымыздағы таңдаған суреттеріңіз туралы не айтасыздар.

Түсіну
Күннің жадын, тақырыпты жазу.
Көркем жазу.
Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімдерге Қанша? Неше? Нешінші? деген сұрақтар қойылады.
Сан есім
Құрамына қарай → Д ара және күрделі
Мағынасына қарай
1. Есептік
2. Реттік
3. Болжалдық
4. Топтау
5. Жинақтық
6. Бөлшектік
Бейнежазба көрсету

imektep ресурсының Сан есім туралы фильмін көру:

Талдау

Дәптермен жұмыс:
467 - жаттығу. Жұмбақ есепті оқып, шешуін тап. Сан есімдердің астын сыз, Олардың қай сөзбен байланысын анықта
Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр, бес ешкі.
Екі қоян, үш түлкі
Таба алмасаң, бол күлкі
468 - жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз
Қырық құлып,
Қырық құрық.
Құлып та - қырық,
Құрық та - қырық
Құрық дегеннің не екен білесің бе?
Топтық жұмыс
Сөздер банкісі

1 топ. Есептік
2 топ. Реттік
3 топ. Жинақтық
Қима қағаздағы сан есімдерді ажыратып, сөздер банкісіне жапсыру.

Атырау қаласы,
№36 мектеп - гимназиясы,
бастауыш сынып мұғалімі
Еділбаева Назым Еділбайқызы

Сан есімдерге жаттығу жұмысы. жүктеу


Скачать


zharar.kz