Сабақтың тақырыбы: ЕТК қауіпсіздік ережесі
Сабақтың мақсаты: 1. Дамытушылық.
Оқушылардың пәнге деген сүйіспеншілігін ояту, оларды компьютерді тиімді пайдалана білуге меңгерту;
2. Білімділік: Оқушыларға компьютер алдында ережені сақтап отыруға, оны тиімді пайдалана білуге қалыптастыру;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, бірін – бірі сыйлай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес;
Сабақтың типі: Жаңа білімді беру, игерту;
Пайдаланылатын педагогикалық
Технологиялар, әдіс – тәсілдер: 1. Ақпараттық технологиялар;
2. СТО – технологиясы;
Пайдаланылатын құрал – жабдықтар, көрнекіліктер:
1. Дербес компьютер – 1
2. Интерактивті тақта – 1
3. ББҮ – кестесі
І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Санитарлық – гигиеналық ережелерді сақтау әрекеттері;
Б) Техникалық – қауіпсіздік ережені сақтау әрекеті.
В) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ Қызығушылықты ояту.
ББҮ – кестесінің - білемін бөлімін толтыру.
Білемін ------ Білгім келеді ------- Үйрендім
ІІІ. Жаңа тақырыпқа кіріспе
Компьютер алдында жұмыс жасау кезінде мына ережелерді қатаң сақтау керек:
1. Компьютер сыныбына жүгіріп кіруге болмайды;
2. Компьютер сыныбына артық заттар мысалы: сумка, кітап т. б. заттарды алып кіруге болмайды;
3. Үстіңдегі киім немесе қолың ылғал болуға болмайды;
4. Ақ халат кию керек;
5. Көзілдірік киетін оқушы үнемі көзілдірікпен отыру керек;
6. Жиі – жиі бөлменің ауасын тазартып отыру керек;
7. Жұмыс жасау режимін қатаң сақтау керек. 7 – сынып оқушылары – 20 минут, 8 - 9 – сынып оқушылары – 25 минут, 10 - 11 сынып оқушылары – 30 минут жұмыс жасау керек;
8. Үзілісте көзге, бұлшық еттерге әртүрлі жаттығулар жасау керек;
9. Дұрыс тамақтау керек;
10. таза ауада жиі қыдырған дұрыс;
Кешендік жаттығулар:
1 – жаттығу: Көзді жұму. Әрбір қолдың үш саусағының ішкі жағымен көздің жоғарғы жағын уқалау – 2 - 3 сек. 3 - 4 рет қайталау;
2 – жаттығу. Қолды шынтақтан бүгіп жоғары көтеру, буынды бос ұстап төмен түсірген саусақтар құлақты жанап тұрады. Аздап алға еңкейіп, басты кеудеге қарай төмен түсіру, біртіндеп иықтарды, одан кейін қолдарды, денені толық бос ұстау; 2 - 3 рет қайталау;
3 – жаттығу: Қолды төмен түсіріп орындыққа тіке отыру: дененің барлық бұлшық еттерін жылдам қатайтып, артынша оларды толық босату, басты кеудеге қарай төмен босатып, көзді жұму. 10 - 15 секунд отыру. 2 - 3 рет қайталау.
4 – жаттығу: Екі қолды тік жоғары көтеру барысында денені оң жаққа бұру. Саусақтары қарама – қарсы жаққа бұрып, дененің барлық бұлшық еттерін қатайтып, 7 - 8 сек дем алмау. Екі қолды төмен түсіріп, денені де бұрып бастапқы қалыпқа қайта келіп, осы жаттығуды кері бағытта тағы орындау.
5 – жаттығу. Екі қолды көкірекке жақындатып, саусақтарды саусақтарға тиістіріп бос ұсату керек. Демді ішке тартып сұқсаусақты, одан кейін демді шығарып екінші саусақты, т. с. с. орта саусақты, бас бармақты барлығын тигізіп, сонан соң ажырату керек. Осы жаттығуды кері бағытта жасау керек.
ІҮ. Ой толғаныс.
Терминдермен болжам.
Ү. Қорытындылау.
ББҮ – кестесінің үйрендім бағанын толтыру.
Білемін ----- Білгім келеді ------- Үйрендім
Ү. Бағалау.
Қызығушылықты ояту Жаңа тақырыпқа кіріспе Ой толғаныс Қорытынды
ҮІ. Үйге тапсырма:
1. Жаттығуды жатқа оқу.
2. Сөзжұмбақтар құрастыру.