Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар. 6 сынып
барлығы: 102 сағат.
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 6 сынып.
Тақырыптар:
6. Мәтін және сөздің мағынасы.
7. Ауызша және жазбаша тіл.
8. Мәтіннің тақырыппен байланысы.
9. Сын жұмысы. Ана тілі.
10. Фонетикадан өткенді қайталау.
5. Сабақтың өтілетін мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Мәтін және сөздің мағынасы.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға мәтін және сөздің мағынасы жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін қалыптастыру.
ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, Сұрақ - жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: Ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Кезекші мәлімдемесі.
3. Журнал бойынша түгелдеу.
4. Жаңа сабаққа дайындық.
ә) Үй тапсырмасын сұрау
1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
3. Дәптерлерін алмастыру.
4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Мәтін және сөздің мағынасы тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 18 - жаттығу жұмысының шарты: Мәтіннен жалпылама қолданылатын қарапайым сөздер мен термин сөздерді ажыратыңдар. Терминдерді теріп жазып, ғылымның қай саласына катысты екенін айтыңдар. Осы мәтінге ат қойыңдар. Сол тақырып пен мәтін мазмұнының байланысына назар аударыңдар. Терминдердің жазылуына мән беріңдер.
Келесі орындалатын тапсырма: 19 - жаттығу жұмысының шарты: Мәтіндегі көп нүктенің орнына төменде берілген қажетті терминдердің тиістісін қойып жазыңдар.
Келесі орындалатын тапсырма: 20 - жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтін мазмұнын түсініп оқыңдар. Оған ат қойыңдар.
Келесі орындалатын тапсырма: 21 - жаттығу жұмысының шарты: Мәтіннен басқа тілден енген сөздерді теріп жазыңдар. Мәтіндегі тірек сөздерді анықтаңдар. Олардың мәтін мазмұнына қатысын айтыңдар.
Келесі орындалатын тапсырма: 22 - жаттығу жұмысының шарты: Орыс тілінен енген кейбір сөздердің қазақ тілі заңдылығына икемделіп өзгергеніне назар аударыңдар. Өздерің білетін осындай сөздерді естеріңе түсіріп дәптерлеріңе жазыңдар.
Сабақтың қорытындысы:
1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
3. Үйге тапсырма: 23 - жаттығу жұмысының шарты: Мәтіндегі көп нүктенің орнына қандай терминді қолданар едіңдер? Неге? Өздерің тұратын аймақта ғана қолданылатын қандай ерекше сөздер бар? Оларды әдеби түрімен салыстырып айтыңдар.
Тексердім:
Толық нұсқасын қарау