Есепті талдау және шешу

Скачать

Тақырыбы: Қозғалысқа берілген есептер немесе математикалық есептер алаңы 1 слайд
Мақсаты:
1. Қозғалысқа берілген есептерді шешуін әр түрлі тәсілдермен табу; білімдерін қалыптастыру жұмыстарын жалғастыру; көп таңбалы сандармен шығару дағдыларын жетілдіру; кестеден тыс көбейту мен бөлу; өрнектердің орындау тәртібін қайталау;
2. Интеллектуалдық білімдерін дамыту: ойлау қабілеті, есте сақтау қабілеті, танымдық қызығушылығын арттыру, мәселелік жағдаяттарды пайдаланып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен құрал - жабдықтар: сабаққа презентация, дыбыстық ілеспе, есепті құрастыру мен шығаруға арналған сызбалар, кестелер; формулаларды құрастыру үшін карточкалар;
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі, психологиялық хал - ахуал.
Көңіл - күйіміз қандай? - Мынандай!
Барлықтарың осындай ойдасыңдар ма? – Иә!
Мүмкін шаршаған шығарсыңдар? – Шаршау деген немене?
Мүмкін жатып демалармыз? – Жоқ, сабақ бастағанымыз жөн!
Қонақтармен амандасып алайық,
Бір - бірімізге күлімдеп қарайық,
Сәттілік тілеп,
Партамызға жайғасайық.
Қолдарымыз? Аяқтарымыз? Арқамыз?
Оқулық, дәптеріміз дайын ба?
2. Көркем жазу.
- Дәптерімізді ашып бүгінгі күнді жазып алайық.
- Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың жауабы есепті шешудегі цифры, көркем жазуда жазамыз.
- Қоян 2 сағатта 16 км жүгірсе, оның жылдамдығы қандай болады? (16: 2 = 8 км ч)
- Ендеше 8 цифрын жазамыз. 8 санымен бір таңбалы, екі таңбалы, үш таңбалы және т. б. сандарды жазыңдар.. (8, 88, 888, 8888, 88888, …)
- 8 саны қалай жазылатынына, слайдқа қараңдар. 2 слайд
- Сонымен, сендерде қандай сандар пайда болды, оқыңдар.
3. Тірек білімдерін жетілдіру.
Блицтурнир.
а) Көркем жазу минутына есеп қандай тақырыпқа болды? 3 слайд
б) Қозғалысқа берілген есептерде қандай өлшемдер болды?
в) Жылдамдық дегеніміз не? Оны қалай табамыз? 4 слайд
г) Уақыт дегеніміз не? Оны қалай табамыз? 5 слайд
д) Қашықтықты дегеніміз не? Оны қалай табамыз? 6 слайд
- Парталардың үстінде берілген карточкалардан қашықтық, уақыт, жылдамдық табудағы формулаларын қалыпқа келтіру керек.

- Балалар, жауаптарыңды тексерейік. 7 слайд
е) Ара 2 сағатта 40 км ұшты. Араның ұшу жылдамдығын табыңдар?
ж) Көртышқан 10 см с 7 с жылдамдықпен жүгірді. Ол қанша км жүгірді?
з) Тышқан 3 м с жылдамдықпен кірпіден қашып 12 м жүгірді. Одан сақтану үшін қанша уақыт кетті?
4. Сабақ тақырыбын шығару
- БЛИЦТУРНИРдың сұрақтары бойынша не айтуға болады?
- Жауаптарынды назарға ала отырып, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болады? (Қозғалысқа берілген есептерді шығару.)
- Алдымызға қандай мақсаттар қоямыз?
- Жылдамдық, уақыт, қашықтықты табуға берілген есептерді әр түрлі тәсілдермен шығаруды бекіту.
- Көптаңбалы сандарды азайту дағдыларын қалыптастыру
- Тез шығару дағдылары, еске сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Осы жылы Қазақстанымызда айтулы күндерге толы. Оларды атап айта аласыңдар ма?
5. Ауызша есептеу.
Ми гимнастикасы
- Балалар, 8 слайд бойынша суреттерге қатысты жылдамдықтарын сәйкестендірейік.
Балалар тақтада нұсқалар бойынша жұмыс істейді, жауаптарды таңдайды. Дұрыс жауаптарды карточкаларға жазып, сәйкес әріптерді орналастырып, жазуды оқу керек.

1 нұсқа

(а) 250х2=
(т) 800200 - 800000=
(л) 35700: 700=
(о) 600 - 500=
(ы) 14000: 200=
(о) 51х100=
нұсқа
(ұ) 1800: 100=
(с) 70х30=
(ы) 4900+5100=
(н) 18х50=
(ғ) 10000 - 1=

6. Тақырып бойынша жұмыс.
1)- Біз бүгін қалай жұмыс істейміз? (жұппен)
- Әр топтан командирді сайлап алыңдар.
- Балалар есепті тыңдаңдар. (Аудио)
А) Динара мен Айгүл өздерінің үйлерінен бір мезгілде бір - біріне қарама - қарсы шықты. Динара роликпен 90 м мин жылдамдықпен жүрсе, ал Айгүл велосипедпен 200 м мин жылдамдықпен жүрді. Қыздар үш сағаттан кейін кездесті. Олардың үйлерінің арақашықтығы қандай?
(13 слайдта сурет пен сызба пайда болады).
б) Есепті талдау және шешу.
- Есепте не белгілі? (Жауаптары).
(Слайдта кесте толтырылады, балалар дәптерде толтырады)
- Нені табу керек? (жауаптары).

Солтүстік Қазақстан облысы,
Тайынша ауданы,
Зеленогай орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Ергалиева асель Слямшовна
Қозғалысқа берілген есептер немесе математикалық есептер алаңы жүктеу


Скачать


zharar.kz