Еліктің лағы Сабақтың мақсаттары

Скачать

Сабақ тақырыбы: Еліктің лағы
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік мақсаты: Мәтін мазмұнын ашу, негізгі ойда ұғындыру.
2. Дамытушылық мақсаты: Сөздік қорларын жетілдіру, елестеу, өз ойларын еркін айта білу, қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік мақсаты: Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы, табиғатқа деген көзқарастарын қалыптастыру. Табиғат қамқоршысы болуға тәрбиелеу.
Міндеттері:
1) Шығарма талданып негізгі ойды білу керек.
2) дамыта оқыту стратегияларын қолдану арқылы шығарманы зерттеу,
білімдерін кеңейту.
3) топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Пәнаралық байланыс: дүние тану, сурет, информатика.
Сабақ көрнекілігі: мәтін бойынша салынған суреттерден буклет, лақтың суреті, бұлбұлмен тоқылдақтың костюмдері, компьютер, кезендік тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару. (сын тұрғысынан стратегиясы байланысты тапсырмалар берілді.)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Бұлбұл мен тоқылдақ мысалды рөлге бөліп оқу.
1 - топ Алғырлар
2 - Тапқырлар
3 - Ойшылдар

І - кезең: Ой толғаныс
Мысалды көрініс ретінде көрсету.
1 - топ Мысалды рөлге бөліп мәнерлеп оқу.
1 - топ Бұлбұл мен Тоқылдаққа мінездеме беріңдер.
Орман құстары
Бұлбұл – әнші, өнерлі
Тоқылдақ – дәрігер, еңбекқор
3 - топ Халқымыз бұлбұлды әнші құс , тоқылдақты орман дәрігері деп неге атайды.
(Бұлбұлдың және Тоқылдақтың салынған суреттерін көрме қылып көрсету.)

ІІІ. Жаңа сабақ
- Орманда мекендейтін қандай жануарларды білесіңдер?
- Балалар, мына суретке қарайықшы нені көріп тұрсыңдар?
- Лақ
- Ол ненің лағы?
- Ол еліктің лағы.
- Қайда мекендейді?
- Орманда мекендейді?
- Ендеше балалар бүгінгі сабақта өтетін тақырып: Мамытбек Қалдыбаев жазған Еліктің лағы
А) Автордың өмірбаяны.
Қазақтың көрнекті жазушысы. Балаларға көптеген шығармалары бар. Оның ішінде Үлек , Уәде , т. б. шығармалар бар.
Еліктің лағы мұғалімнің оқуы. (Компьютерге мұғалімнің даусымен жазылған мәтінді оқушылар тыңдай отырып көрініс көреді)
Б) Оқушыларды тізбектей оқыту
В) Сөздік жұмыс
Шоқы - тік, биік төбе
Нысаны - көздеп ататын жер
Қарауыл - күзет
Г) Мәтінге қандай ат қояр едіңдер және неше бөлімге бөлер едіңдер
ІІ - кезең Ой - шақыру. сұрақ - жауап арқылы
1 - топ. Сол күні ауа райы қандай еді?
(түсінгеніңді айту)
2 - топ. Аңшы неліктен мылтығын қолына алды?
Ол неге ызаланды? мәтіннің ішінен тауып оқыту
3 - топ. Түймебай нені көріп қалды? Аңшының елікті атуға неге батылы бармады? түсінгенін айту
ІV. Сергіту сәті.
жұмбақ шешейік, жаңылтпаш айтайық

ІІІ - кезең Ой қорыту .
1 - топ. Аңшының орнына сендер қайтер едіңдер? (Өз ойыңды білдір)
2 - топ. Аңшының сыртқы бейнесін сипатта.
3 - топ. Аңшыға мінездеме беріңдер.

Аңшы – ержүрек, ұстамды, қайырымды

Қорытынды: жануарларды қорғау, аялау, сүю керек. Өйткені олар біздің кіші достарымыз.
Мақалдар айту
Сиырдың сүті -...........
Нар жолында..............
............ бота тату

V. Сабақтың қорытындысы: әр топтың балдарын шығару.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма Еліктің лағы мазмұнын айту, аңшының суретін салу.


Скачать


zharar.kz