Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Салтын сүйген - халқын сүйер 2 - сынып (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының терең тамырлы өнегелі әдет ғұрпын, салт - дәстүрін, мәдени мұрасын, оқушылар бойына дарытып, теориялық білімдерінің жүзінде ұштастыра отырып, ата - аналар тәжірибесінің ең жақсы үлгілеріне, имандылыққа, еңбекшілдік және адамгершілік рухында тәрбиелеу. Оқушылар бойына рухани байлығын сіңірту, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу, ұлттық салт - дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Түрлі - түсті шарлармен безендіріледі.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақ ауылының көрінісі бейнеленген сюжетті суреттер. Нақыл сөздер.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих.

Сабақтың барысы:
І. Кіріспе бөлім.
а) Ұйымдастыру кезеңі.
ә) Оқушыларды түгелдеу
б) Сабаққа дайындығын қадағалау.
ІІ. Негізгі бөлім.
а). Жүргізуші сөзі
ә). Оқушылардан сал – дәстүр, әдет – ғұрып туралы білімдерін тереңдету үшін ойын арқылы сұраққа жауап беру.
б). Саяхатқа шығу. Киіз үйдегі сұрақтарға жауап беру арқылы жылжып жүреді.
Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін 1 - сыныптың ұйымдастыруымен өткізілгелі тұрған Салтын сүйген - халқын сүйер тақырыбындағы тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

1 - жүргізуші:
Ассалаумағалейкүм, халқым менің,
Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім.
Мереке басы болған берекенің,
Игі еңбектің жемісін бәрін жегін.

2 - жүргізуші:
Сәлем, анам, алтын күн,
Сәлем, қарты халқымның!
Уақытыма риза бол,
Бақытыма шалқыдым.
Ашық болсын күніміз,
Ашылады нұрымыз.
Бай тұлғалы өңірде
Айтылады жырымыз.

1 - жүргізуші:
Туғаннан соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ата - бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
2 - жүргізуші:
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған салтымыз,
Кең даланың ежелгі
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.

Мұғалім: Оқушылар топқа бөлініп өз - өздерін таныстырып жіберсін.

Жігіттер:
1. Ашық маңдай, тана көзді,
Неткен мәнді айтқан сөзі
Сұлу қыздар, ару қыздар
Қ сы: Қыздар, қыздар сұлу қыздар
Неткен ғажап сұлусыңдар
Қыздар, қыздар, ару қыздар

Қыздар:
1. Сегіз қырлы, алтын сырлы
Жігіттердің сұлтандары
Батырлары, алғырлары
Қ сы: Күш, қайраты бойларында
Жақсы істер ойларында
Сұлтан жігіт, сұлтан жігіт

Жігіттер:
2. Ұстаздың әрбір айтқан алтын сөзі
Жүректі жарып шыққан білім көзі
Сыныптың қыздарынан жігіті аз
Болса да жұлдыз болып тұр ғой өзі, тұр ғой өзі
Қ сы: Еркемай, Көркемай
Ферузай, Гүлжайнай
Дана менен Ұлданай
Ақжайық пен Гүлшат ай
Жанерке мен Гүлден ай
Нұрайменен Мереке ай
Ақниетпен Сәулем ай
Анаргүлім тағы бар
Бәрінің де сәні бар


Скачать


zharar.kz