Футбаскет сайысы

Скачать

Тақырыбы: 4 класс оқушылары арасында өтетін Толағай сайысы
Мақсаты: Оқушыларды дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайтуға әсер ету.
Сабақтың түрі: жарыс түрінде
Қатысатын командалар: 4 А , Б , В , класс оқушылары, капитан командалары
Керекті құралдар: доптар, шарлар, секіртпе, сурет салатын құралдар.
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Негізгі бөлім.

Құрметті оқушылар, ұстаздар, денсаулық құпияларының бірі - спорт дегендей бүгінгі өткізгелі жатқан Толағай сайысына қош келдіңіздер.
Сайысты ашық деп жариялаймын.
Әнұран.
- Сайысқа қатысушыларды құттықтау сөз мектеп директоры М. Т. Мырзахановқа беріледі.
- Сонымен ортаға жарысқа қатысқалы отырған команданы шақырамыз.
4 А класс, 4 Б класс, 4 В класс командаларын қарсы алайық!
Ойнайық та, ойлайық,
Қатарда артта қалып қоймайық.
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен тек жоймайық

Ойнайық та, ойлайық
Күшімізді көрсетейік, сынайық.
Жеңсен де жеңбесең де, ренішсіз болып,
Қаймықпай көңілді болайық.

Жарысты бастамас бұрын, ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейік.
1. Оқу ісінің меңгерушісі: Гүлзат Қалымтайқызы
2. Спорт мұғалімі: Тілек Іргебайұлы
3. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Қарлығаш Базарқызы

Оқушыларды жарыстың ережесімен таныстыру.
Толағай сайысы эстафеталық ойындар жарысын көріп тамашалаңыздар!
№ Команданың аты Таныстыру Желаятар сайысы Әрі ойын, әрі есеп Пингвиндер сайысы Домалау Із салу сайысы Допты алдымен алып жүру Суретшілер сайысы Футбаскет сайысы Паровоз Жалпы ұпай саны Алған орындары
4 А
4 Б
4 В
Сайыстың бағдарламасында әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт сапар!
Сайысымызды бастаймыз.
1. Таныстыру. (Әр команда өздерін таныстырып, эмблемасын қорғайды)
2. Желаяқтар сайысы. (Мәреге жүгіріп барып, қайтады)
3. Әрі ойын, әрі есеп (секіртпемен жүгіріп, есеп шығару)
4. Пингвиндер сайысы (Допты екі аяғының арасына қысып жүгіреді)
5. Домалау (Жерде домалап, кедергіден өтіп жарысады)
6. Із салу сайысы (іздерді алдыға қарай қойып, сол арқылы жүреді)
7. Допты алдымен алып жүру (доппен жүгіріп жарысу)
8. Суретшілер сайысы (әр команда маркермен сурет салу)
9. Футбаскет сайысы
10. Паровоз сайысы (барлық ойыншылар белдерінен ұстап, жарысады)
III. Қорытынды бөлім (мәреге бопты аяқпен теуіп, қолға ұстап қайту)
(Қазылар алқасы жеңген команданы анықтап, марапаттау).


Скачать


zharar.kz