Алматы облысы, Ұйғыр ауданы,
Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Сәлім Ранагул Айтнұрқызы
Тақырыбы: Әліппе, саған мың алғыс!
Мақсаты:1.Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу.
2. Ата-аналарға балаларының үш-төрт айдың ішінде қандай білім игергенін іс-жүзінде көрсету.
3.Адамгершілікке, ұқыптылыққа, өзін-өзі дұрыс ұстауға, ана тілін сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Абай, Ыбырай суреттері, әріптер қатары, техникалық құралдар, гүлдер, шарлар, нақыл сөздер.
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстздар, аяулы да ардақты ата-аналар ! Бүгін де егемендігіміз ескеріліп, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп Тәуелсіздікке 20 жыл толып жатқан шақта бүгінгі күні сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Кеше ғана алаңсыз атқа мініп шапқылап жүрген бүлдіршіндер , бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып, саналы азаматтық борыштарының алғашқы асуын аман-есен асып ,бір жасқа тағы да есейіп отыр.Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай өрлей берсін. Тойларыңыз тойға ұлассын!
Ендеше, бүгінгі қуаныш иелері 1 сынып оқушыларын ортаға қошеметтеп қарсы алайық! (ортаға оқушылар шығады).
Өсті міне ойларың,
Өсті міне бойларың,
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!
1жүргізуші:
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға
Хош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар
Әліппемен қоштасу тойымызға
2жүргізуші: Шашу, шашу шашайық!
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың,
Бастаңғысын жасайық (шашу шашылыды)
Мұғалім: Кімдер зерек, кім тапқыр,
Таланттарын табайық,
Қайсы күйші , кім биші,
Талабына қарайық,
Іші толған әріпке ,
Бар білімнің бастауы
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол бастар. Ол сүйікті әліппе, әліппе, әліппе!
Мұғалім: Олай болса бәрімізге ең қымбат әліппені ортаға шақырайық (әліппе ортаға шығады).
Әліппе:Армысыздар жас достар!
Армысыздар ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғылымның
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйрендік не білдік,
Қане ортаға салайық!
1оқушы: Жұмбақ жаңылтпаш, санамақ, өлең және ән үйрендік. Енді кез-келген кітапты оқи аламыз. Ыбырай және Абай атамызбан таныстық.
2 оқушы: Ыбырай Алтынсарин- тұңғыш қазақ мұғалімі. Ол алғаш әліппені жазды.
3оқушы: Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар.
4оқушы: Абай- қазақ халқының ұлы ақыны. Біз Абай атамыздың Әсемпаз болма әрнеге , Ғылым таппай мақтанба , Сегіз аяқ деген өлеңдерін үйрендік.
5 оқушы: Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан,
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
Ән: Әліппе
Әліппе: Кім маған апта аттарын, саусақ атауларын, жеті ата қалай аталатынын айтып береді.
6 оқушы: Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі
7 оқушы : Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
8 оқушы: Бас бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.
Ән: Мектебім
9 оқушы: Бар кітапқа бас болған
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Әліппем менің әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
10 оқушы: А-ны айтқанда дауысымыз дірілдеді,
Ұстазым көз алдымда күлімдеді.
Күн сайын әріптердің атын білем.
Сөз оқимын, айырып әріпті енді.
11 оқушы Әліппе – білім анасы
Әліппе –кітап данасы,
Әліппе бетін ашпаған,
Адамның бар ма баласы?
12- оқушы Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те,
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны Әліппе!
13-оқушы Әліппе - өлең оқиды
1-жүргізуші Әліппем менің әліппем
Өмірді келем танып мен
Қайталап айтам мың рет
Өзіңе көп-көп рахмет!
Әліппе: Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын. Болашақта да осылай оқыңдар. Білім жолында жолдарың болсын Сау болыңдар!
2-жүргізуші
Қош бол, құтты әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
1 жүргізуші Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті әліппем
Сенің арқаң оқып – жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.
Ән: Қош бол, құтты әліппе!
Хормен: Қош бол, Әліппе! Қош бол, Әліппе! Сізге Мың алғыс. Балалар бас иіп, қоштасады.
2 жүргізуші: Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
1 жүргізуші: Уа, халайық, халайық
Мұнда назар салайық.
Бәріміз қол соғып.
Ана тілін қарсы алайық, (Ортаға ана тілі шығады)
Ана тілі: Ақыл-ойы дананың,
Ана тілі боламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың,
Өсірген ой білімді,
Мәнін терең білуде,
Мейірімі мол балаға.
Ана тілді құрметте.
Барлық, барлық анаға. Мен әліппеден оқып - білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Мені де осылай оқыңдар.
13 оқушы: Ана тілін білмеген,
Ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген.
Халқын сүйіп жарытпас.
14 оқушы. Ана тілі ұраным,
Ана тілі-құралым.
Ана тілі болмаса,
Мықты болмас тұрағым.
15 оқушы.
Ана тілің – біліп қой,
Бостандығың теңдігің.
Ана тілің – біліп қой,
Мақтанышың елдігің.
2-жүргізуші
Мейірі мол балаға
Бар әлемде анаға
Басымызды иеміз,
Бабамыздың тілі деп
Даламыздың үні деп
Ана тілін, Ана тілін, Ана тілін сүйеміз!
1-жүргізуші;
Ана тілі төрлет, төрге шық! Ана тілі білімнің қасына барып отырады.
Мұғалім: Ал, балалар енді мақал –мәтелге кезек берейік.
16 оқушы Ақыл азбайды, Білім тозбайды.
17 оқушыБалапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
18 оқушы Білім іздеген озар, Бүлік іздеген тозар.
19 оқушы Отан –оттанда ыстық
Хор: Менің Отаным
2 -жүргізуші
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Талабына қарайық,
Жұмбақ шешіп көрейік.
Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса аттама.
Жаза-жаза арықтаған,Жазудан ол жалықпаған.
Өліден тірі туады, Тіріден өлі туады.
Үй үстінде ұсақ тас, алайын десем табылмас.
Мұғалім: Ал, енді оқушыларымыздың өнерлеріне кезек берейік.
Би: Жау-жау жаңбыр
Ән: Он саусақ
Би: Мектеп вальсі
Мұғалім:Балалар, мектептегі алғашқы жеткен жемістеріңмен құттықтаймын. Әліппе сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір-біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Бүгінгі күн әр үйдің той басы боп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға
Тілек айтар қонақтар.
Бүгінгі біздің Әліппе саған мың алғыс! атты ертеңгілігімізге келгендеріңізге рахмет!