Бала дербес тұлға

Скачать

Тақырыбы: Адамгершілік – рухани білім мен тәрбие беру процесінде мектеп пен отбасының әрекеттестігі.
Мақсаты: Ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір - біріне деген сенімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата - ана екенін түсіндіру.
Өткізілу түрі: дөңгелек үстел
Өткізілу әдісі: пікірлесу, сұрақ - жауап, тренингтер, жағдаяттық сұрақтар.
Жүру барысы: Құрметті ата - аналар Отан от басынан басталады демекші ата - аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата - аналар мен ұстаздар боп атсалыссақ алар асуымыздың биік болары сөзсіз. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы бала. Бала дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазіргі қоғамда ата - ана баласынан не күтеді? Баласын қалай тәрбиелейді? Ата - ананың бақыты неде? Міне осы тұрғыда сөз қозғалатын Адамгершілік – рухани білім мен тәрбие беру процесінде мектеп пен отбасының әрекеттестігі тақырыбындағы дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер.
Шаттық шеңбері
Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып бір - бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай аламыз. Енді бәріміз шаттана қуанып, бір - бірімізге жақсылық тілейік.
Мен бүгінгі пікірталасымызды М. Әлімбаевтың мына өлеңімен бастағанды жөн көріп отырмын.

Қипақтайды қит етсе анаң, әкең.
Қайтсем ғана осыны адам етем.
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ шалама екен.
Ойым емес, оллаһи біздікінің...
Енжарлығы елде жоқ алабөтен.
Туа салса тұлпардың жалын тартқан.
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық сыйлап, маңына жылу сыйлап,
Бұлда бір күн алаулай жана ма екен?
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе - ау
Болмаса да топ жарған дара бөтен.
Мүше тістеп мықтылар той жасаса,
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?
Үміт пен күдіктің ортасында
Ата - ананың үміті талады екен!
Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдап, Қайтсем де баламды адам етем деген ата - ананың арманы баласымен бірге жасайды екен.
Жүргізуші. Перзенттеріңіздің атынан Т. Айбергеновтың Перзент жыры атты өлеңін назарларыңызға ұсынамыз

Перзент жыры
Сен менің мәңгілікке өлмес атым,
Атымды ап алыс жылға жалғасатын
Әкеде өсиет бар өмір жайлы,
Балада қасиет бар алға асатын.
Сен менің ұшар басым биіктеген,
Жолыңа тапқанымды үйіп төгем
Сен менің дүрсілдеген жүрегімсің.
Қай нәрсе сол жүректі сүйеді екен?
Сен мені өскен сайын ойландырып,
Заңдарын табиғаттың ойға алдырып,
Бір қадам басқан сайын өзің мені
Барасың шежіреге айналдырып.
Ата - ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көрсететін айнасы. Сондықтан ата - аналар мен сіздерге бүгінгі кешіміздің ойланайық, пікірлесейік! айдарында мынандай сұрақ қойғым келіп отыр.
1. Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?
2. Қазіргі жас өркен мемлекетіміздің болашағы. Сондықтан да балаға бір отбасының ұрпағы деп емес, бар қазақтың баласы деп қарау керек сияқты. Ұлы Абай атамыз баланы ең алдымен ата - анасы, сосын ұстазы, содан кейін қоршаған ортасы тәрбиелейді деген екен. Сіз қалай қарайсыз?
3. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
4. баланың атасы мен әжесінің тәрбиесінде, атасы мен әжесінің баласы болуына қалай қарайсыздар?
5. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, қатаң тәрбиелеген дұрыс па?
6. Баланың өскенде жақсы, өнегелі адам болып шығуына отбасынан алған тәрбиенің ықпалы зор дегенге өз пікіріңіз, көзқарасыңыз қандай?


Скачать


zharar.kz