Мұқағали Мақатаев
Әйелдер - ай!
Әйелдер!
Қандайсың?! Әдемі боп кетіпсің ғой әрқайсың.
Біреу жеріп тұрса - дағы қалмайсың,
Біреу сүйіп тұрса - дағы бармайсың.
Әйелдер - ай!
Әйәйлар - ай, қандайсың?!
Әйелдер - ай!
Әйәйлар - ай, қулар - ай,
Жанарлардың жауын алып тұрғаны - ай!
Біле тұра бүйректерің бүлк етіп,
Кетесіңдер тыңдай тұра, тыңдамай.
Әйелдер - ай!
Әйәйлар - ай, қулар - ай!
... Әйелдерді еркектерден көп дейді.
Ойбай,
Ойбай!..
Бола берсін көп, мейлі!
Әйел деген әдемі ғой, әдемі,
Әдемілік бізге көптік етпейді...
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2