Тақырыбы: Оңтүстік жарты шар материгі бойынша қорытынды сабақ
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларды Оңтүстік жарты шар материгінің ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялауға, қорғауға, бірін - бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ - жауап.
2. Әңгіме - дәріс
Сабақтың көрнекілігі: Материктер мен мұхиттар картасы, оқулық, кескін карта т. б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, сыныпты үш топқа бөлу. Африка , Аустралия , Оңтүстік Америка .
ІІ. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымыз оңтүстік жарты шар материктері бойынша өткенді қайталау сабағы. Сабағымызды жарыс түрінде өткіземіз.
Жоспар:
1. Материктің географиялық орны
2. Жағалық сызығы
3. Жер бедері
4. Артық болмас білгенің ( тапсырмалар)
5. Саяхатшылар әңгімесі
6. Номенклатура
7. Өтірік әңгіме