Оқушыларға тасымал тақырыбы бойынша алған білімдерін пысықтау

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Отан. Ж. Әбдірашев

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға тасымал тақырыбы бойынша алған білімдерін пысықтау. Ж. Әбдірашевтің Отан өлеңімен таныстыру, түсінік беру
ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтау, ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту
б) Оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру, Отанын, елін жерін сүюге құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Типі: жаңа білім беру
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақта пайдаланатын көрнекті - құралдар: суреттер, оқулық

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, сабаққа дайындау.
II. Үй тапсырмасын сұрау: Үйге тапсырмасын сұрау, бағалау. Оқымысты бала мәтінін әңгімелеу
III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: Жалпы тасымал, буын бойынша ережелерді пысықтау, мысалдар келтіру

IV. Мақсат қою кезеңі:- Біз сендермен одан әрі тасымал бойынша берілген тапсырмаларды орындаймыз.

V. Жаңа сабақ:
а) Қызығушылығын ояту
Сөзжұмбақ шештіру
ә) Мағынаны тану
1. Қойда бар, лақта жоқ (о)
2. Мемлекеттік рәміздер
3. Ең жақын адам (ана)
4. Қасиетті тағам (нан)
Балалар біз бүгін Ж. Әбдірашевтің Отан өлеңімен танысамыз.
Ж. Әбдірашевтің өмірінен түсінік беру. Ж. Әбдірашевтің шығармасы Найзағайлы жаз 1971 жылы жарияланған. Соғыстан соң туғандар , Дала сенің ұлыңмын , Жар басындағы ойы т. б әңгіме өлеңдері бар.

Ү. Оқулықпен жұмыс
Өлеңді мәнерлеп оқып беріп, мазмұнын түсіндіру.
Оқушыларға тізбектей оқыту, хормен оқыту
Дәптермен жұмыс
69 - жаттығу. Сөздерді оқыңдар. Көп нүктенің орнына сөздердің басқаша тасымалдауын көрсетіп жазыңдар.
Те - ле - ди - дар -------------- кі – тап - ха - на
Те - ледидар ------------------- кі - тапхана
Теле - дидар ------------------- кітап - хана
Теледи - дар ------------------- кітапха - на

70 – жаттығу. Сөздерді оқыңдар. Сөздерді буынға бөліп үлгі бойынша тасымалдап жазыңдар.
Му - зы ка -------- жи - на - лыс ---------------- жұл - дыз - дар
Му - зыка ------------ жи - налыс ------------------ жұл - дыздар
Музы - ка --------------- жина - лыс ------------------ жұлдыз - дар
Жің - іш - ке --------------- жіңіш - ке ------------------- жің - ішке

VI. Сергіту сәті:
Қоюланды қара бұлт
Жаңбыр жауды себелеп
Жапырақты жамылып
Жата қалды көбелек
Ой толғаныс: Отан сөзіне бес жолды өлең құрастыру

VII. Қорытындылау:
Бүгінгі сабақта не білдіңдер?
Өлең не туралы айтылған?
Ақын Отанды неге теңейді?
Отанды қалай қорғайсыңдар?

Отан

Ата - анаң
ауылың бауырың
ауданың астана
досың

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Отан өлеңін жаттап келу. 71 - жаттығу
ІХ. Бағалау


Скачать


zharar.kz